Приск Панийский - шыққан тегі бойынша гре, V ғасырдың бірінші ширегінде Франкиядағы Паний қаласында туған, 472 жылы қайтыс болған. Паннониядағы Аттила сарайына барған византиялықтардың елшілігінің қатарында болған. Саяхаттан өн бойында және византиялықтардың ғұн әміршісінің ордасында болған күндері туралы мұқият жазба түсіріп отырған, бұл жазбалар оның бізге жеткен атақты шығармасы болады. Приск Панийский өзінің Аттила ордасына барған саяхатын, онымен кездесуін, ғұндардың тұрмысын, әдет - ғұрпын жан - жақты суреттейді, тұтқындағылардың әңгімелерін жеткізеді. Еңбегі : "Historia Byzantina fragmenta" деп аталады.

Дереккөздер

Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X