thumb|left|Иравадди дельфинінң скелеті Иравадди дельфині - жоғалып кетудің алдында тұрған дельфиндердің бірі. Алайда бұл дельфиндердің қанша қалғаны белгісіз. Иравадди дельфиндері жылы, терең емес жағалау суын ұнатады. Бұл дельфиндер кейде жағалауға 1,3 шақырым жақын жерде жүзіп жүреді. Иравадди дельфині дене бітімі жағынан қорытпаға ұқсайды. Алайда бұл дельфиннің түсі оған қарағанда күңгірттеу. Басқа өзен дельфиндеріндей ,Иравадди дельфинінің мойыны өте иілгіш.Соның арқасында ол таяз жерден азық тауып жей алады.Бұл дельфиндерің тістері жіңішке,өткір және ілгек тәрізді болады.Ұзындығы – 1см.Олар жоғары және төменгі жақтарында орналасқан. Жаңа туған баласының ұзындығы – 1 м, ал салмағы 10 кг құрайды.Ересек Иравадди дельфинінің ұзындығы – 2,3 м, ал салмағы 130 кг асады. Иравадди дельфиндері басқа дельфиндерден қысқа тұмсығымен, дөңес маңдайымен ерекшеленеді.Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2

Дереккөздер

Санат:Дельфиндер