Пётр Иванович Багратион (; 1769 — 24.09.1812(12)) — орыс армиясының қолбасшысыДанилов А. А.,История России, IX-XIX века: справочные материалы, изд.Владос,1998. Суворов жорықтарының және 1812 жылғы Отан соғысының каһарман батыры, инфантериядан генерал.

1969 ж. Кизляр қаласында байырғы грузин князы тегінен шыққан отставкадағы полковник отбасынан шыққанАнисимов Е. Генерал Багратион. Жизнь и война. — : Молодая гвардия, 2009. — (ЖЗЛ). — ISBN 978-5-235-03282-8; Цинцадзе З. Д. Неизвестный" вам князь Багратион. Военно-исторический журнал. 1994. № 6. С.88-92. . Кей мәлімет бойынша 1965 ж. Грузияның Тифлис қаласында туған.

Әскери қызметі 1782 жылдан басталды. Орыс-түрік соғысына (1787-91) және Поляк компаниясына (1793-94) қатысты. 1798 ж. - полковник, 6-егерлер полкінің командирі, 1799 ж. - генерал-майор. Суворовтың Италия және Швейцария жорықтарында (1799) Багратион орыстың авангардтағы әскерлерін басқарды. Багратион басқарған әскерлер Адда, Треббия өзендерінде, Нови түбінде болған шайқастарда маңызды роль атқарды. Сен-Готарда, Шайтан көпірі маңында ерлікпен шайқасты. 1805-07 ж. Франциямен болған соғыста Багратион орыс армиясының арьергардын басқарып, Шенграбен, Прёйсиш-Эйлау және Фридланд жанындағы ұрыстарда ерекше көзге түсті. Багратион 1808-09 ж. орыс-швед соғысында дивизияны басқарды, Таммерфорс және Або жанында жеңіске жетті. 1809 ж. Аланд экспедициясын, 1806-12 ж. орыс-түрік соғысында Молдавия армиясын (шілде 1809- наурыз 1810), Подольск армиясын (1811 жылдың тамызынан), 1812 ж. Отан соғысында 2-шң Батыс армиясын (1812 ж. наурыздан) басқарды. 1812 ж. Бородино шайқасында орыс армиясының сол жақ қанатына басшылық етіп, ерекше табандылық пен батырлықтың үлгісін көрсетті. Осында ауыр жараланып, Владимир губерниясы Симы селосында қайтыс болды. 1839 ж. оның мүрдесі Бородино даласына көшірілдіҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2том .

Дереккөздер

Санат:Ресей генералдары Санат:Багратиондар