thumb|right|200px|Василий Алексеевич Перовский Василий Алексеевич Перовский (20.2.1794, Ресей, Почеп қаласы, қазіргі Брянск облысы – 20.12.1857, Алупка) – Орынбор губерниясының әскери губернаторы (1833 – 42 және 1851 – 57), 1812 жылы Отан соғысына және 1828 – 29 жылдары орыс-түрік соғыстарына қатысқан. Перовский – патша өкіметінің шығыстағы отарлау саясатын дәйекті жүргізушілердің бірі.

Орынбор губернаторы болып тұрған кезде оған Орта Азия хандықтарымен, Иранмен және Ауғанстанмен сыртқы саясат мәселесін өз бетінше шешуге құқық берілді. 1835 жылы Перовскийдің нұсқауымен жаңа шептер белгіленіп, бекіністер салынды. Жаңа шептерге Орынбор казактары қоныстандырылып, қазақтар жайылымдық жерлерінен қуылды. Перовскийдің басшылығымен Жоламан Тіленшин, Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс басып жаншылды. 1839 – 40 жылдары Перовский патша әскерлерінің Хиуаға жорығын, 1853 жылы Ақмешітке жасаған жорығын басқарды. Перовский Кенесары Қасымұлымен жақсы қарым-қатынаста болған. Кенесарыға полковник шенін бергізген.

Перовскийдің Ақмешітті алуына Сырдария қазақтары үлкен көмек көрсетті. Оның бұйрығымен кедей қазақтарға көмек ретінде ұн мен көктемгі егістікке тұқым берілді. Қазақтарға арнап емделетін лазарет ашқызып, оны керекті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп отырды. Өзін прогресшіл етіп көрсету мақсатында маңайына өнер және әдебиет қайраткерлерін топтастырды. Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы оған арнап, «Перовск маршын» шығарды.

Ақмешіт (Қызылорда қаласы) 1853 – 67 жылдары Перовскийдің атымен Перовск форты, 1867 – 1922 жылдары Перовск қаласы аталды.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:20 ақпанда туғандар Санат:1795 жылы туғандар Санат:Почепде туғандар Санат:20 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1857 жылы қайтыс болғандар Санат:Алуупкада қайтыс болғандар Санат:Бакаклавскдегі георгиев монастырінде жерленгендер Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері Санат:Алмасты Әулие апостол Андрей Первозванный орденінің иегерлері Санат:IV сыныпты Әулие Георгий орденінің иегерлері Санат:1 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері Санат:Алмасты Әулие Александр Невский орденінің иегерлері Санат:Ақ қыран орденінің (Ресей империясы) иегерлері Санат:2 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері Санат:Қылышты I дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері Санат:3 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері Санат:Бантылы 4 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері Санат:Қылышты II дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері Санат:Алмасты Батылдығы үшін алтын қаруының иегерлері Санат:Ресей империясы кавалерия генералдары Санат:Ресей флигель-адъютанттары Санат:Свита генерал-майорлары Санат:Ресей империясы генерал-адъютанттары Санат:Ресей империясы генерал-губернаторлары Санат:Орынбор губернаторлары Санат:Ресей империясы әскери тұтқындары Санат:Орта Азиялық жорықтардың қатысушылары Санат:Ресей империясы мемлекеттік кеңесі мүшелері Санат:Ресей империясы аристократтарының некесіз ұрпақтары Санат:Императорлық көркемсурет академиясының құрметті әуесқойлары Санат:Императорлық көркемсурет академиясының құрметті мүшелері Санат:Бородина шайқасыының қатысушылары Санат:Декабристер