thumb|Роетозавр thumb|left|Роетозавр Роетозавр — шамамен 181 - 175 миллион жыл бұрын орта Юра кезеңінде өмір сүрген зауропод динозавр. Оның мойыны ұзын, басы – төртбұрышты, денесі — ірі. Сүйектері Австралияның Квинсленд деген жерінен табылған. Динозаврдың Орта Юра кезеңінде өмір сүрген роетозавр — брауней деп аталатын түрінің қаңқасы Австралия жерінен толықтай қазылған әрі әлемдегі ең ежелгі, бірегей зауропод. Оның артқы аяқтары, жамбас сүйектері, 28 құйрық омыртқасы, 7 кеуде омыртқасы, қабырғасының кейбір бөліктері және екі мойын омыртқасы қазылды. Қызықты дерек Роетозавр 1924 жылы Австралия елі, Квинслендтегі Рома қаласының Дурхам Даунс стансасының жанынан табылған. Оны 1924 жылы Австралиядағы Квинсленд маңайынан ғалым Хебер Лонгман тапқан. Бұл динозаврдың аяқтары пілдікіне ұқсаған. Мәліметтер Қорегі : өсімдіктер Салмағы : 12 тонна Тұқымдас : Цетиозаврид Отряд тармағы : Зауроподоморф Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы Дереккөздер

Санат: Динозаврлар Санат: Зоология