нобай|Ұзынқұйрық оңаза Ұзынқұйрық оңаза () — реңі жапалаққа ұқсас, кәдімгідей ірі денелі (бір килограмм шамасында, қанатының алымы 125 шамасында) құс. Дене мөлшерінің үлкендігінен басқа, кәдімгі оңазаның дөңгелеген құйрығындай емес, едәуір ұзын сына тәрізді құйрығымен ерекшеленеді.
Еуразияның қылқанды және ішінары аралас ормандарында мекен етеді. Қазақстанды оңтүстік Алтайда ұялайды, ал жылыстау кезінде Жайық маңында қыста да байқалады. Ағаш құстарына және басқа құстардың ескі ұяларына ұялайды. Салындыда екіден алтыға дейін (көбінесе 3-4) жұмыртқа болады. Жұмыртқалардың аналығы бес аптаға дейін басады. Негізінде тышқан тәріздес кемірушілерді жейді.Құстар.Мектеп энциклопедиясы,2010,Ковшарь Анатолий Федорович,ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамура
Дереккөздер
Санат:Еуразия құстары Санат:Жапалақтәрізділер