Аудармай өңдеу мақсаты - егістік жердегі аңыздық сабақтар мен өсімдік қалдықтарын барынша сақтай отырып, топырақты қопсыту және арамшөптерді құрту. Агротехникалық талаптар Жұмыстардың орындалу мерзімін жергілікті жағдайлар және топырақтың жай-күйін ескере отырып белгілейді. Агрегат жүріп өткеннен кейін сабақтардың кемінде 80 проценты аңызда қалуға тиіс. Қолайлы ылғалы бар егісте максималдық ылғалдың сақталуы 60 процент топырақта жазықтілгіштің жұмыс органдарымен 30 сантиметрге дейінгі тереңдікте қопсытқанда, мөлшері 3-50 миллиметр топырақ фракциялары кемінде 80 процент болуға тиіс. Топырақты 16 сантиметрге дейін қопсытқанда өңдеудің орташа тереңдігінің берілгендегіден ауытқуы плюс-минус 1 сантиметрден, ал 30 сантиметрге дейін қопсытқанда плюс-минус 2 сантиметрден аспауға тиіс. Арамшөптердің тамырлары жұмыс органдар жүретін тереңдікте түгелдей қырқылуға тиіс. Құрал-саймандар жүріп өткенде арасында өнделмеген жер қалдыруға болмайды.Жүрістердің түйіскен және табандардың түйіскен жерлерінде биіктігі 5 сантиметрден аспайтын дестелердің пайда болуына, ал табан тереңдігі жүрген жерлерде ені 15 сантиметрден аспайтын борозданың пайда болуына жол беріледі. Бұрылыс алаңдарында өңдегеннен кейін шүйлер мен ірі жалдар болмауға тиіс. 3 градустан көбірек еңіс жерлерде топырақты еңіс бағытына көлденең өңдеу керек. Дереккөздер Машина-трактор паркін пайдалануда ұйымдастыру және жұмыс жүргізу технологиясы: селолық орта кәсіптік-техникалық училищелерге арналған оқу құралы.Мухин А.А.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Топырақты аудармай өңдеу · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.