Николай Ефимович Морозов (3 желтоқсан 1929, Семей, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО — 5 наурыз 2012, Мәскеу, Ресей) – кеңестік партия және мемлекет қайраткері. Қазақстан КП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1978–1986). Социалистік Еңбек Ері (1966).

Өмірбаяны Ол көлік жолдары және ауыл шаруашылығы техникумдарын бітірді. Еңбек жолын Семей метбұйым-фурнитура зауытында құрал-сайман цехының шебері болып бастады, содан соң кеңшардағы машина-трактор шеберханасында шебер болып жұмыс істеді. 1953 жылдан бастап КОКП мүшесі.

1953 жылы Кеңес Әскерінде әскери борышын өтеген соң, Жаңа Шүлбі аудандық БЛКЖО комитетінің бірінші хатшысы, кейіннен Қазақстан компартиясы Семей облыстық комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары болып сайланды.

Николай Морозов 1962 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітіргеннен кейін, ҚКП Үржар аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.

1966—1970 жылдары Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің хатшысы қызметін атқарды. 1966 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Н.Е. Морозовқа адал және жанкешті еңбегі үшін Социалистік еңбек ері атағы беріліп, сонымен қатар «Ленин ордені» мен «Орақ пен балға» алтын медалі табысталды.

1970 жылдың сәуірінен — 1978 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1978 жылы 4 сәуірде Қазақстан КП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды, онда 1986 жылы 1 қыркүйекте зейнетке шыққанға дейін қызмет етті.

КОКП орталық тексеру комиссиясының мүшесі (1976-1981), КОКП ОК мүшелігіне кандидат (1981-1986).

КОКП XXIV, XXV, XXVI съездерінің делегаты. Ақмола облысы атынан сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесіндегі Одақ Кеңесінің 8-11 шақырылымдары (1970-1989) депутаты.

Зейнетке шыққаннан кейін Мәскеуде тұрды. Соңғы жылдары бірнеше кітап (ғұмырнамалар, КСРО мен посткеңестік Ресейдің саясаты туралы ойлар) жазып, жариялады: «Өткенге көзқарас» және «Үлкен өзгерістер».

Ол 2012 жылы 5 наурызда Мәскеуде көз жұмды. Троекуровское зиратында жерленді.

Сілтеме Николай Морозов. «Герои страны» сайтында. Алпысбеков К. Семь писем внуку Елнуру // Нива. — 2009. — № 2. — Б. 94—127.

Дереккөздер

Санат:Алматы жоғары партия мектебінің түлектері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Одақ Кеңесінің 11-шақырылым депутаттары Санат:Қазақ КСР округтарынан сайланған Одақ Кеңесінің депутаттары Санат:Целиноград облыстық кеңесінің депутаттары Санат:Семей облыстық кеңесінің депутаттары Санат:Қазақстан КП Целиноград облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:КОКП орталық тексеру комиссиясының мүшелері Санат:КОКП ОК мүшелігіне кандидаттар Санат:КОКП XXIV съезінің делегаттары Санат:КОКП XXV съезінің делегаттары Санат:КОКП XXVI съезінің делегаттары Санат:КОКП XXVII съезінің делегаттары