Сәрсенбеков Ертай Қожахметұлы (1951 жылы туған, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Шежін ауылы) – ғалым, медицина ғылымының докторы (1992), профессор (1996).Жетісу, Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. 1974 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген. 1974-1976 жылдары Гурьев облысындағы онкологиялық диспансерде, 1976-1989 жылдары Қазақтың онкологиялық радиологиялық Ғылыми Зерттеу институтында, 1989-1991 жылдары Қазақтың гигиена және аурулардың алдын алу, Қазақтың урология Ғылыми Зерттеу институтында әр түрлі жауапты қызметтер атқарды. 1997 жылдан Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы директорының орынбасары. 130-дан аса ғылыми еңбегі жарияланған.
Шығармалары Нефть: экология и здоровье, А., 1993; Современные методы лечения мочекаменной болезни, А., 1997.
Дереккөздер
Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Қазақстан дәрігерлері