thumb|350px|Қошқар мұнай кен орны Қошқар мұнай кен орны — Атырау облысы, Мақат ауданында Қошқартұз күмбезінің оңтүстік-шығысынан 17 км, шағын Бекбике кен орнының батысында 20 км жерде орналасқан. 1941-1944 жылдары барлау жұмыстары жүргізіліп, дербес мұнай күмбезі анықталған.
Қалыптасу кезеңі Мұнайлы алаң Оңтүстік Ембіге (Жемге) тән келетін төменгі пермь кезеңінің (кунгур ярусы) тұзында басталып, төрттік кезеңдегі соңғы каспий трансгерссияның шөгінді құрылымдар кешенінде жаралған. Оңтүстік Қошқар кен орнындағы мұнай көздері оңтүстік-батыстағы альб-сеноман, неоком және орта юра шөгінділерінен құралған. Мұнай алаңының жалпы аумағы 2368 км2, мұнайдың өнімді қабаты 220-885 м тереңдікте, қалыңдығы 50 м-ге дейін. Кен орнында ең көп мұнай 1948 жылы алынған (157,9 мың т).
Құрамы Қошқар мұнайының құрамы: шайыр (11-23,5%); парафин (0,4-0,45%); күкірт (0,10-0,32%).Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнай кен орындары Санат:Атырау облысы кен орындары