Құлақты медуза немесе Аурелия () - Сцифомедузалар сабының дискомедузалар жасағына жататын ірі медуза.

Биологиялық сипаттамасы Дене пішіні дөңгелек, жалрақтау, табақ тәрізді, шеңбері 15-20 см, қызғылт не күлгін түсті. Аурелия ұсақ су жануарларымен, ұсақ балықтармен қоректенеді. Қорегін атпа жасушаларымен өлтіреді.

Аурелияның дамып келе жатқан ұрығының гаструласынан планула деп аталатын личинка дамиды. Ол 2-7 тәулік өз бетінше жүзіп тіршілік еткеннен кейін, су түбіне түсіп, 2-3 күнде ересек Аурелияға айналадыҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том.

Таралуы Аурелия жылы және тропик теңіздерінде кең тараған, кейде солтүстік теңіздерде де кездеседі. Көбіне су жағалауында тіршілік етеді.

Галерея

+center|300pxcenter|300px center|300px Дереккөздер

Санат:Ішекқуыстылар