Аустралиялық алып жауынқұрт () – Азқылтанды құрттар тұқымдасының биологиялық түрі, Жер шарындағы ең ұзын жауынқұрт болып саналады. Ұзындығы 3 м-ге дейін жетеді. Олар да біздің елдегі жауынқұрттар секілді топырақты асқазанынан өткізу арқылы құнарлы ете түседі. Жыланға ұқсайтын мұндай құрттар Аустралия құрлығында таралған. Дегенмен адамдарға ешқандай зиянын тигізбейді. Жәндіктің тағы бір артықшылығы - ұзақ жасайтындығы. Жәндікке тәжірибе жүргізен ғалымдар оның 8-10 жылға дейін өмір сүретіндігін анықтаған. Аустралиялық алып жауынқұрт жойылып бара жатқан жәндік ретінде Қызыл кітапқа енгізілген.

Санат:Азқылтанды құрттар‎