thumb|left|160px| Арғұн өзенінің алабы Арғұн (Хайлар, , эвен. Ергэне) — Шилкамен қосылып Амурды құрайтын өзен.

Ұзындығы - 1620 км, оның 944 км-і Ресей мен Қытай шекарасын бойлай ағады.

Алабы 164 мың кm². Манчжуриядағы Үлкен Хинган жотасының солтүстік-батыс беткейінен басталады.

Бастауында Хайлар деп, ал Мутная тармағынан төмен - Арғұн деп аталады.

Жотадан шыққаннан кейін Арғұн жайылмасы үлкен кең аңғармен ағады. Сағасына таяу жерде аңғары тарылады да, жағалары жар қабаққа айналады.

Жылдық орта су шығыны сағасында 400 m³/сек. Негізінен жаңбыр суынан құралады. Жылы маусымда тасиды.

Басты салалары: сол жақтан - Газимур, Уров, Урюмкан оң жақтан - Гэньхэ, Нюэрхэ.

Арғұнда балықтың 60 түрі бар, соның ішінде амур, сазан, кета көп ауланады.

Дереккөздер Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том

Санат:Ресей өзендері Санат:Қытай өзендері