thumb| Жылқы тұқымына қарай: арғымақ қазанат жабы тобышақ текежәуміт қазақы ат қарабайыр пырақ дүлдүл т.б. болып бөлінеді.

Шабыс ат: жүйрік тұлпар сәйгүлік саңылақ бәйге ат деп бөлінеді.

Салтанатқа мінетін ат: жорға төкпе жорға айдама жорға шайқалған жорға деп бөлінеді.

Мініс аттары: Аяқ ылау жетек ат қосақ ат түп ат көсем ат деп жіктеледі.

Өсуіне қарай: Құлын - биеден жаңа туған жас төл (туғаннан 6 айға дейін). Жабағы - 6 айдан асқан, бірақ бір жасқа толмаған құлын. Тай - бір жастан асқан, екіге толмаған жылқы. Құнан - екі жастан асқан, үшке толмаған жылқы. Дөнен - үш жастан асқан, төртке толмаған жылқы. Сәурік - бұл жас атауы емес, айғырдың статусы: 3–4 жаста болса да, үйірге түспеген болса ғана осылай аталады Бесті - төрт жастан асқан, беске аяқ басқан жылқы.

Саяқтар (бойдақ жылқылар): Ат - піштірілген еркек жылқы. Сақа ат - он бір -он екіге келген ат. Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны. Төл тай - өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы. Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі. Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат. Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат. Пішпе - піштірілген жылқы.

Биенің атаулары: Бие - құлындайтын жылқының бес жасқа келгені. Байтал - жылқының екі жастан бес жасқа дейінгі ұрғашысы.

Сүтіне қарай биелер: Мама бие - өте сүтті бие. Мәнерсіз бие - сүті аз бие. Ақтандыр бие - сүті жоқ, сүт шықпайтын бие. Исіншек бие - сауар алдында құлынына жанасып, исінген сүтін ағызып жіберетін бие.

Қысырақ атаулары: Тұман қулық - үш немесе төрт жасқа дейін айғырдан шықса да құлындамай жүрген бие. Көбен бие - қонданып тойына бастаған бие. Ақжілік бие - құлындығында енесі сауылмай еркін емген бие. Қаракемік бие - енесі сауылып, жүдеу, бос болып өскен бие. Нәқұс (құтамсыз) бие - шаққан тегі нашар бие. Құмай тұяқ бие - түяғы көп тасырламайтын бие,

Айғырлардың атаулары: Жасамалы - үш-төрт жастан асқаны. Сәурік - үш-төрт жастағы үйірге салынбағаны. Құр айғыр - өмуру құрық-жүген тимеген айғыр. Сыңар ен - түмысында бір ен болып туған. Шартық - екі енінің бірі піштірілгенімен қалған айғыр. Азбан - алты жасында піштірілгенімен айғырлық әдетін қоймай, биенің мазасын алатын айғыр.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999

Санат:Қазақстан мәдениеті Санат:Мал