Мобильдік күштер тобы – құрлық әскерлерімен тығыз байланыста әрекет ететін десантшылар. Оларды “қанатты жаяу әскер” деп те атайды. Олар әр түрлі ұрыс әрекеттерін жүргізуге, маңызды аудандар мен объектілерді басып алып, негізгі күш келіп жеткенше ұстап тұруға, қарсыластарды, олардың штабтары мен тылдағы бөлімдерін жоюға арналған. Өз міндеттерін орындауға мобильдік топтар жоюдың әр түрлі құралдарын, әр түрлі жаңа техниканы, қажетті қорларды иеленеді. Тасуға және аспаннан тастауға әскери транспортты, авиация ұшақтары мен тікұшақтарын пайдаланады. Санат: Қарулы күштер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Мобильдік күш тобы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.