Шақырым Шақырым - ұзындық өлшемі . Шақырым Орта Азия мен Қазақстанда , сондай-ақ бірқатар Шығыс елдерінде де кең тараған . Қазақта шақырым өлшеміне дауыс жетер жердегі қашықтық алынған . Бұл нақтылы бір мәнге ие болмаған . Басқа халықтар арасында шақырым іспеттес өлшемдер жиі кездеседі . Шақырым Араб еледерінде пайдаланылған фарсах немесе парсанг (шамамен 6км), сондай-ақ Ресейде қолдаған верста(1.0668км ) тектес өлшемдер қатарына жатады . Шақырым қазіргі кезде мың метрді(1км) құрайды. Құрық бойы Құрық бойы - халықтық өлшем . Бұл өлшем құрықтың ұзындығындай ғана жер дегенді , яғни шамамен 4-5 метрді білдіреді . Қадам Қадам - адамның адымымен өлшенетін ұзындық ; құрылыс , суару жұмыстарында , спорт ойындарында , әскери жаттығуларда , т.б. қолданылған ұзындық өлшемі . Көптеген мәліметтерге қарағанда , бір қадам шамамен 60-70 см-ге тең . Шідербойы Шідербойы - жылқының алдыңғы оң аяғы мен артқы сол аяғының арасы . Тұсау бойы Тұсау бойы - жылқының алдынғы екі аяғының арасы . Аршын Аршын - шамамен 90-100 сантиметрге дейінгі - өлшемі .
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Қыпшақ өлшемдері · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.