thumb|left|160px Анчар () — Тұт тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштардың тегі. Ел арасында Анчар ағашының қасына барсаң немесе қолмен ұстасаң уланасын дейтін қате түсінік таралған. Шынында ол у таратып тұрмайды.

Таралуы Бастапқы шыққан жері - Индонезиядағы Зонд аралдары. Қазір ол көбінесе ботаникалық бақтарда өсіріледі.

Ботаникалық сипаттамасы thumb|left|260px Жапырақтары - қарапайым.

Гүлдері майда, тығыз гүлшоғырларға жиналған. Гүл тостағаншасы - төрт мүшелі.

Жемісі құрама немес күрделі.

Қолдануы Улы анчардың сүтті шырынының құрамында антарин деп аталатын гликозид бар. Сондықтан Анчардың шырыны жалаңаш денеге тисе, адамның терісінде жарақат пайда болып, іріңдейді. Ертедегі халықтар оны садақ жебесінің ұшына жағатын болған.

Басқа түрі - Беннетта анчары жемісінде кармин бояуы болады.

Цейлон анчарының және Саккадора анчарының талшықтарынан Ост-Индияда қапшық жасайды.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998Hutchinson J. The genera of flowering plants, v. 2, Oxf., 1967. Дереккөздер

Санат:Ағаштар