Найнук (қазақша - айна, шар айна) — курд халқының әуесқой ән-би ансамблі. Ол 1983 жылы Жамбыл облысының Жамбыл ауд-ндағы Жамбыл атындағы к-зда ұйымдастырылды. Әуесқой ансамбль құрамында мектеп оқушылыры, жұмысшылар мен колхозшылар - әншілер Б. Қудиаров, А, Хаджиев, зурнашы Хасаналиев т.б бар. Оның репертуарынан курд және қазақ халқының ән-күйлері мен билері орын алды. Бұл ансамбльдің коллективі 1986 жылы Алматыда болып, Қазақ телевизиясы арқылы өнер көрсетті.Қазақ ССР - 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев; Алматы; Қазақ Совет Энциклопедиясы. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7
Дереккөздер