250px|right Таңғажайып төрттік - Әлемге танымал Marvel Comics компаниясының ең алғашқы фантастикалық кейіпкерлер тобы. 1961 ж. жарыққа шықты. Осы кейіпкерлерді даярлаған американдық тұлғалар Стэн Ли және Джек Кирби болатын.

Сюжеті Жас оқымысты Рид Ричердс, Ридтің болашақ жары Сью Шторм, Сьюдің інісі Джонни Шторм және олардың ұшқыш досы Бен Гримм университетте оқып жүрді. Олар ғарыштағы нормадан ауытқыған ғарыштық энергия толқынын зерттегісі келіп, рұқсат сұрайды. Бірақ, рұқсатын ала алмаған достар амалсыздан айлақтағы соңғы зымыранды айдап әкетіп,ғарышқа ұшып кетеді. Кейін, жерге қайтып оралғасын кейіпкерлер ғажап қабілеттерге ие болады. Рид денесін резеңке секілді созу қабілетіне ие болды. Сью көзге көрінбеу қабілетіне ие болды және күш өрістерін құра алды. Джонни жалынды адамға айналып, ұшу және отты қолдану қабілетіне ие болды. Ал, Бен тас адам атанып, адам сенгісіз ұлы күш пен қуатқа ие болды. Сөйтіп қабілетті қаһармандар әділдікті қолдап, зұлымдыққа қарсы ұлы күресті бастайды.

Санат:Marvel Comics командалары және ұйымдары Санат:Комикстер Санат:Таңғажайып төрттік Санат:Marvel Comics суперқаһармандары Санат:Стэн Ли комикстері Санат:Джон Бирн комикстері Санат:Мэтт Фрэкшн комикстері Санат:Джек Кирби жасаған кейіпкерлері Санат:Стэн Ли жасаған кейіпкерлері Санат:Фильмдер кейіпкерлері Санат:Мультфильмдер кейіпкерлері Санат:Ойдан шығарылған уақыт саяхатшылары Санат:Ойдан шығарылған отбасылар Санат:Фантастикадағы көзге көрінбестер