Какомицли () – жанаттар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі тегі. Ғылыми атауы - Bassariscus, латын тілінен «түлкі» деп аударылады. «Какомицли» деген атау ацтек тілінің tlahcomiztli— «жартылай тауарыстаны (пума)» деп аударылады.

Таралуы АҚШ-тың оңтүстік және оңтүстік-батысында, Мексикада және Орталық Американың жартасты құрғақ ормандарын, каньондарын, қылан жапырақты ормандарын мекендейді.

Биологиялық сипаттамасы Какомицлилардың сырт көрінісі сусарға да, мысыққа да ұқсайды.

Дене тұрқы 30-47 см, құйрығы — 31-53 см, биіктігі — 16 см-ге дейін; салмағы 0,8-1,1 (1,3-ке дейін) кг. Денесі сопақша келген, аяқ-қолдары қысқа,құйрығы өте ұзын. Басы жалпақ, құлақтары ірі, дөнгелек немесе үшқірленген.

Түсі: үсті жағы - қара-сары, қарны - сарғыш, ақшыл. Көзінің айналасында - қара немесе бұр "сақина". Құйрығы жүндес, жанаттыкіндей жолақ: қара және ақшыл түсті.

Ағаш қуыстарына,құрылыстан қалған тас араларынан үй жасайды. Жазда насекомдар мен өсімдіктерді, қыста көміргіштерді азық қылады.

Жылына 3-4 бала табады. Бір айдан соң олар өзін ересек сезінеді,ағаштарға өрмелейді.Жануарлар әлемінің үлкен атласы,«Алматыкітап» баспасы. 2000 жыл ISBN 2078-6727

Түрлері Текте 2 түр бар: Солтүстік америкалық какомицли - Bassariscus astutus Орталық америкалық какомицли - Bassariscus sumichrasti

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Санат:Жанаттар