Мулік Радж Ананд (, 12.12.1905 — 28.03.2004) - үнді жазусышы, ғалым.
Ағылшын тілінде жазған. Лондон университетін бітірген (1929 ж.). Философия докторы, Пенжаб университетінің профессоры (1962 ж.). Саджад Заһирмен бірге 1936 ж. Үнді прогресшіл жазушыларының ассоциациясын (АППИ) құрған.
Алғашқы шығармаларында ("Жұғыспайтын жан", 1935 ж.; "Деревня", 1939 ж. т.б.) қара жұмысшылардың, "жұғысуға болмайтын жандардың" - кедей шаруалардың ауыр тұрмысын суреттейді.
Бұдан кейін бірсыпыра шығармаларында Мулік Радж Ананд отарлық өмірдің қалдықтарын әшкерелеп, барлық касталардың тең, әйелдердің құқықтарының болуын жақтайды.
Таңдаулы романдарынан ("Құлдар", 1936 ж.; "Семсер мен орақ", 1942 ж.; "Таң нұры")социалисттік реализм тенденциялары танылады.
Мулік Радж Ананд 1953 жылы Халықаралық Бейбітшілік сыйлығының лауретаты болды. 1968 ж. Сахитья академиясының сыйлығына еге болды.
Сыртқы сілтемелер http://www.hindu.com/2004/09/29/stories/2004092904171100.htm
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:Үндістан