Саппоро — Жапонияның үлкендігі бойынша төртінші Хоккайдо аралындағы қала, экономикалық, өнеркәсіптік, мәдени орталығы. Халқы - 1 896 207 (2010), көлемі - 1121,12 км². Қалада Хоккайдо университеті бар.
Саппоро — 1972 Қысқы Олимпиада ойындарының астанасы, үш Қысқы Азия ойындарының астанасы - 1986, 1990, 2017 ж.
Саппоро - шипажайлы орын, қала маңында көптеген ыстық минералды бұлақтар бар. Жылда қыста дәстүрлі өтетін Қар фестивалі бүкіл әлемнен 2 млн туристтерді жинайды.
Климаты - қоңыржай муссонды климаты.
Туыстас қалалар Саппороның туыстас қалалары бар Мюнхен, Германия, 1972; Портленд , Орегон штаты, АҚШ, 1959; Жаңасібір, Ресей, 1990; Южно-Сахалинск, Ресей, 1972; Шэньян, Қытай, 1980; Тэджон, Оңтүстік Корея, 2010
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Сыртқы сілтемелер
Санат:Жапония қалалары