Жалманқұлақ, Жаманқұлақ — Ақмола облысы Егіндікөл ауданындағы ауыл, Жалманқұлақ ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Егіндікөл ауылының оңтүстік-батысында 30 км-дей жерде, Жалманқұлақ көлінің батысында, қылқан боз, көк шұнақ бетеге, жусан өскен қызыл қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен74192 86 93,5 57 53 93 35 33 94,3

Тарихы Іргесі 1954 жылы Калинин атындағы астық кеңшарының құрылуына байланысты қаланған. Оның негізінде Жалманқұлақта өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, клуб, дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Егіндікөл ауданы елді мекендері