thumb|right|200px| Агроном (гр. "агрос" – егістік; "номос" – заң) — ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру саласындағы жан-жақты білімі бар егін шаруашылығы саласындағы маман. Ұзақ уақыт бойы бұл тек ауыл шаруашылығына қатысты мамандық болып саналды. Алайда, қазіргі кезде агроном жан-жақты білімге ие, кәсіби дағдыларды жақсы меңгерген маман болуы тиіс. Сонымен қатар, агроном – шаруашылықтың негізгі саласы – егіншіліктің технологиясын және онда қолданылатын техникасын жақсы білетін, сол жердің табиғи-экономикалық жағдайын жақсы білетін адам.

Агрономның кәсіби дағдылары Топырақ түрлерін жете білу дағдысы; Мәдени өсімдіктердің өсу және даму ерекшеліктерін білу; Жаратылыстану ғылымдары саласын терең игеру; Ауыл шаруашылығы техникасының жұмыс қағидаларын түсіну; Зертханалық зерттеулер негізін білу;

Әдебиет “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Мамандықтар