Валентин Александрович Аврорин (10(23).12.1907,Тамбов — 26.02.1977, Ленинград) — тұнғыс-маньчжур тілдерін зерттеуші совет тіл маманы, филология ғылым докторы, КСРО ҒА корреспондент-мүшесі (1964).

Өмірбаяны Валентин Аврорин Ленинград университетінің тарих-этнология факультетін бітіріп (1930), Қиыр Шығыс пен Сібір халықтарының тілі, фольклоры мен этнографиясы туралы 50-ден астам еңбек жазған. Ол КСРО ғылым академиясының Тіл білімі институтында басшы қызметтерде болып (1941-61), КСРО ғылым академиясының Сібір бөлімшесінде Қиыр Шығыс мен Сібір халықтарының тілі, фольклоры және әдебиеті бөлімін басқарды (1961-68). Сонымен қатар, ол 40 жыл бойы жоғары оқу орындарында сабақ берді.

Елеулі еңбектері Нанай тілі ситаксисінің очерктері — 1948 Тұнғыс-маньчжур тілдерін таптастыру жайында — 1960 Нанай тілі грамматикасы — 1-2 т.1959-1961 Сібір Солтүстігіндегі халықтардың тілдері мен фольклоры — 1966 т.б. Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Тілтанушылар