Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжанов (1984 жылы 29 сәуірде Көкшетау облысы Бурабай ауданында туған) — актер, әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2011). ҚР Мемлекеттік степендиясының иегері.
Толығырақ Нұрлан Баянғалиұлы 1984 жылы 29 сәуірде ШҚО Бородулиха ауданында дүниеге келген. Әкесі - Баянғали Әлімжанов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Оқуды бітіргенен кейін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамына алынды. Отандық көптеген кинофильмдер мен телесериалдарға түскен. Көптеген телебағдарламалардың жүргізушісі.
Фильмография Жыл Фильм Рөл Қосымша2006 Шолпанның күнәсіӘзімбай 2008 Бақсы Арман Криминалдық авторитет 2009 Ағайынды Қуаныш Басты рөл 2011 Балалық шағымның аспаны СұлтанБасты рөл 2012 Ағайынды - 2 Қуаныш Басты рөл 2012 Жаужүрек мың бала Қасым 2013Темір тауНұрсұлтанБасты рөл2013Елбасы жолыНұрсұлтанБасты рөл2014Тығырықтан жол тапқанНұрсұлтанБасты рөл
Әндері Өткінші жауын Ақ құсым Сағынам сені Балапаным Көзіне қарай бердім Досыма Кеңістік Сағымдым ата-әжемді Балапаным Құлыншақ Махаббат әні Сен менің бір құпиям ашылмаған Өкпелеме жаным Қазақстан Өткенді алма есіме Айхай өмір Қоштасу Айтшы Өмір шіркін ай Жеңгелер Қарашы маған
Марапаттары "Серпер" Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты. 2013 жылы 13 желтоқсанда ҚР тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. (Астана 2013). 2013 жылы Нұр Отан партиясының арнайы "Жас тұлпар" жастар сыйлығының иегері. Кино саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері атанды. ҚР Президентінің жеке алғыс хатымен марапатталған.
Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Қазақстан театр актерлері Санат:Қазақстан тележүргізушілері Санат:Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан сазгерлері