Христофор Колумб (; ; 31 қазан 1451 жыл – 20 мамыр 1506 жыл) — әйгілі жиһанкез және саудагер. Генуяда туған. 1476 - 84 жж Лиссабонда, португалиялық Мадейра және Порту - Санту аралдарында өмір сүрген. Солтүстік Атлант мұхитына жүзуге қатысқан.

Oл бір уақытта Америкаларды ашқан бірінші еурoпалық деп есептелген, бірақ қазіргі уақытта Американы oдан бұрын викингтер ашқаны белгілі.

Христофор Колумб Жер шар фoрмасында екендігін біледі, бірақ oның қаншадай үлкендігі бар туралы хабары бoлмайды. Маркo Пoлoның Қытайдың шығысынан теңіз тапқанын есіткен еді, және бұл теңіз Еуропаның батысында жайласқан теңіздің өзі деп есептеген еді. Тынық мұхит және Америкалар туралы ешқандай мағлұматқа ие емес еді, және де Атлант мұхиты тура Қытайға алып бармайтынын білмейтін еді.

Арагон мен Кастилия патшасы ІІ Фернандо Арагoн және патшайымы І Изабелла бұйырығымен оларға дәмдеуіштер және алтын алып келуді қалады. Үндістан мен Қытайға қысқа жoл табу үмітімен Атлант мұхитын кемемен жүзіп шығады. Саяхатының ақырында Христофор Колумб бірнеше аралдарды кездестіреді де және Шығыс Үндістанға жетіп келдік деп oйлайды. Сoл үшıн жаңа ашылған жердегі жергілікті халықты «үндістер» деп атаған. Не барлығы Христофор Колумб Америкаларға төрт мәрте саяхат қылған.

Колумб Испаниядағы 7 жыл соғыс болған жердегі банкирлер мен саудагерлерге сүйеніп, дүние жүзіндегі мұхиттарға экспедиция жасайтын арнайы топтың жетекшісі болады. Ең алғашқы экспедиция 1492 - 93 жылдар аралығында 90 адам, 3 кемемен (Санта - Мария, Пинта, Нинья) 3 тамыз 1492 ж. Палос аймағынан Атлант мұхитын іздеуге шықты. 15 наурыз 1493 ж Колумб Испанияға қайта оралды. Ал 2-ші экспедиция 1493-96 жж 1500 адаммен Кадистан жолға шығады. 3 қараша 1493 ж Доминика, Гваделупа, Антигуа мен Виргин аралдарын, 19 қарашада Пуэрто-Рико, 5 мамырда Ямайка елдерін ашқан. 1496 ж 31 шілдеде Испанияға оралады. Ал 3-ші экспедицияда олар 1498 - 1500 жж 300 адаммен мамыр айының соңында Тринидад, 1 тамызда Оңтүстік Америка жағалауын, 15 тамызда Маргарита аралдарын ашқан. 4-ші экспедиция барысында 1502 - 1504 жж Америка материгін ашқан.

7 қараша 1506 ж. Христофор Колумб өмірден өтті. Зерттеулері бүгінгі күнге дейін қолданылып келе жатыр.

Екі Американың көп жерінде аты қалған: Колумбус қаласы (АҚШ), Британдық Колумбия (Канада) т.б. Кoлумбия мемлекеті де oның мәртебесіне аталған.

Өмірбаяны Колумб жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, бірақ итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білгені анық. Он төрт жасында Колумб теңіз қызметіне келеді. Жасында Жерорта теңізінде, Еуропа жағалауларын кезген сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайын жақсы біліп алады. Ол Генуяда болғанда географиялық карта сызумен айналысады. Бұл мамандықты меңгерген соң, інісі Бартоломеймен Португалияның Лиссабон қаласына, сол кездегі теңіз шаруашылығының орталығына келіп ғалымдар, теңізшілер, географтармен араласады. Колумб Лиссабонда тұрғанда Феници Мони де Палестерелло деген теңізшінің қызымен танысып соған үйленеді. Қыздың әкесі Генрих Португалияны билеген, кейін Порто-Санто қаласының губернаторы болған. Осы қалада тұрғанда Колумб Палестереллоның қалдырған географиялық карталары, теңіз жұмысы туралы жазуларын тауып алып, сол материалды толық зерттейді. Міне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу мәселесіне кіріседі. Колумб өзі жаңа жоспар жасап, оны 1482 жылы Португалия королі Иоанн 11-ге ұсынады. Король өз оқымыстыларын жинап, Колумб жоспарымен таныстырады, бірақ діншіл ғылымдар оның жоспарын тек қиял деп санайды.

Португалияда ұсынған жоспары іске аспаған соң Колумб 1485 жылы Испанияғя қаржысы болмағандықтан, жаяу келеді. Мұнда ол өзіне жолдастар тауып, патша сарайында істейтін белгілі адамдармен, ғалымдармен танысып достасады. Содан біраз уақыт өткен соң , достарының көмегімен Колумб жоспарын Испания короліне ұсынады. Король Фердинанд оның ұсынысын тыңдап болған соң Саломондағы Степан монастырына діншіл ғалымдарды жинап Колумб жоспарын ұзақ талқылап оны дінге қарсы қабылдауға болмайды деген қорытындыға келді. Жоспары Испанияда қабылданбаған соң ол Португалиғя қайтпақшы болды. Бірақ король айтқанынын айнып, егер Колумтың жоспары жүзеге асса біз португалия корольі алдында күлкіге қаламыз деп ойлады. Король мынандай шешімге келді:

Колумб өмірінше және оның ұрпақтары да мұхиттың арғы жағынан ашқан жерлерінің адмиралы болды; Ол өзі ашқан жерлерінің вице королі және губернаторы болады; Ол жерлерден табылған асыл бұйымдар – інжу-маржан, алтын, күміс, асыл тастардың оннан бірін өз пайдасына алып отырады.

Бірінші экспедиция Испания королі Колумбтың алыс сапарына арнап екі кеме жабдықтайды. Үшіншісін Колумб өз қаржысымен жабдықтайды. 1492 жылы, 3 тамызда Колумб үш кемеге отырған 90 адаммен бірге Батыс жолмен тұңғыш рет Атлант мұхиты арқылы белгісіз Үндістанды, Қытай жерлерін, Жапония аралдарын, Азияның шығысын ашуға аттанады.

Ашық теңіз айдынына түскен соң Колумб флоты оңтүстік-батысқа қарай жүзіп, Канар аралдарына жетеді, одан тіке батысқа қарай 19 күн жүзіп, Гомера аралына келеді. Мұнан олар азық-түлік алып 19 қыркүйекте Канар аралдарының ақырғысы – Ферро аралынан шығып, белгісіз мұхит суымен жүзе береді.

Колумбтың үш кемесі Атлынт мұхитында ұзақ жүреді, толқын шайқап, матростар арасынан қорқыныш туады, тіпті Колумбқа қайтадан Испанияға қайтамыз деушілер болады. Бірақ Колумб оларды алдағы ашылатын жерлерді айтып қызықтырады. Дегенімен 10 қазанда теңізшілерге қалқып жүрген ағаш бұтағы, ұшып жүрген құстар көрінеді. Теңізшілер түнімен ұйықтамай батыс жаққа қараумен болады. Колумб бірде жылт еткен от көреді. Түн ортасында жағалау белгі бергендей болады. Кешікпей түнгі сағат 2-де алда келе жатқан «Пинта» кемесі зеңбіректен салют береді. Теңізшілер таң атуын асыға күтеді. Колумб 12 қазанда көптен арман еткен «Жаңа жер» жағасын көреді, қуаныштың ұшы қиыры болмайды. Колумб он жолдасымен қайыққа отырып, аралға аттанады. Колумб ту ұстап жағаға шығып, жаңадан ашқан бұл аралды Сан-Салвадор (құтқарушы) деп атайды.

Осы сапарында Колумб Үндістан жеріндегі аралды аштым деп ойлап, онда тұратын адамдарды үндістер деп атады. Жер шарындағы мәдениеті төмен барлық халықты солай атады. Испандықтар жергілікті халықты көргенде олардың танауындағы, құлағындағы алтын күміс сырғаны көріп, оның мәнісін сұрайды, олар қолын сілтеп оңтүстікке көрсетеді.

Колумб ашқан жерінің оңтүстігіндегі алтынды аралды «Жапония» аралы болар, - деп соған аттанады. Ол 15 қазанда екінші аралды ашып, оны «Қыз Мария» деп атайды. Одан әрі жүзіп, 19 қазанда үшінші аралды ашып, оны Испания королевасының есімімен «Изабелла» деп атайды. Колумб қайтадан батысқа жүзіп, тағы да жеті арал ашып, ақыры ең үлкен арал Кубаға келіп тоқтайды. Колумб бұл аралдың табиғатына, әдемілігіне, байлығына таң қалады. Ол аралдағы жергілікті тұрғындармен ыммен сөйлескенде алтынды арал оңтүстікте дейді. Енді Колумб Азия материгін аштым деп ойлайды. Мұнда еуропалықтардың таң қалғаны, жергілікті адамдар бір шөпті домбалдап орайды да, оған от қойып, екіншісі оның жалынын ішіне тартып танауынан түтін шығарып жатады. Оны өздері «табак» деп айғайласады. Бұл кереметке Испандықтар таңырқай қарайды, кейіннен олар табакты еуропаға әкеліп, дүние жүзіне таратады. Колумб жергілікті тайпа көсемі Кацигпен достық қарым-қатынаста болады, Колумб Испаньола деген аралға бекініс орнатты. Мартин Алонсо Пинсон командасындағы «Пинта» атты кеме өз бетінше зерттеулер жұргізе бастады. Желгілікті тайпалар Колумбқа алтын әкеліп тұрды. Колумб зеңбіректен оқ атып керемет көрсетті, Кациг оларды атпауын өтінді. Мұнымен біз Колумбтың отарлау пиғылын іске асыра бастағанын көре аламыз. 1493 жылы 3 қаңтарда Колумб Испаньола бекінісіне 39 адам қалдырып, өзі екі кемемен, жинаған алтынымен Испанияға қайтты. Жолшыбай бірнеше арал ашты. 12 ақпанда Атлант Мұхитынан дауыл соғып, 15 ақпанда толқын Колубты Азор аралдарына айдап әкелді. Бұдан кейін де талай дауылдар соғып, Колумб бастаған топ әбден шаршады. Сөйтіп, 1493 жылы 13 наурызда олар Испания жағалауына келіп тоқтады. Бүкіл Испанния Колумбты зор қуанышпен қарсы алды. Колумб корольге өзінің сапары туралы, «Үндістанды», «Азияны» ашқандығын баяндап, әкелген қазыналарын алдына төкті. Сонымен, Американы ашқан, география ғылымына теңдесі жоқ жаңалық әкелген Колумбтың бірінші экспедициясы үлкен табыспен аяқталды.

Генуя теңізшісінің бұл ашқан жаңалығына бүкіл Еуропа құлақтанып, осы хабар халыққа кең тарады. Бұған әсіресе Колумбтың алғашқы жоспарын қабылдамаған Португалия королі қатты өкінді, енді Испанияның үстемдігі өктем бола беретініне оның көзі жетті. 13наурызда Португалия королі Иоанн ІІ эскадор ұйымдастырып, Атлант Мұхитының басыныан Испания кемесін Колумб ашқан жерге өткізбесін деген жарлық шығарды. Бұл кезде Испания королі де қарап жатпады, бүкіл жаңадан ашылған жер Испанияға қарайды деген жарлық шашты. Сөйтіп көршілес отырған Испания мен Португалия арасында бәсеке туып, жаңа жерлерді отарлау жарысы басталды. Бұлар енді жер шарын екіге бөліп, жанталаса отарлау саясатына кірісті.

Екінші экспедиция Испания королі жаңа ашылған жерлерді өз корольдығына бекітіп, тағы да Колумбқа екінші рет экспедицияға аттануға әмір етті. Бұған Колумб асқан жігермен дайындалды. 1493 жылы Испания жағалауында қанша желкенді кемелер алыс сапарға аттануға дайын тұрды. Колумбқа енді жаңа жер байлығына қызыққан 1200 адам ерді, олардың кейбіреулері семьясымен барған жерлеріне тұрып қалмақ болды. Колумб өзімен бірге жаңа жерді зерттейтін ғалымдарды, дін таратушы монахтарды, алтын қазатын кеншілерді, ұста, балташыларды ертіп алды, сондай-ақ сиыр, жылқы, қой, оған қоса астық, өсімдік тұқымын ала кетті.

1493 жылы 27 қыркүйекте 17 кемемен Испания портынан шыққан Колумб жол жөнекей бірнеше аралдарды ашып, ақырында аман-есен 22қарашада Испаньола аралына келіп тоқтады. Лұл аралды зерттеушілер төрт өзен тауып, олардың жағаларынан Колумбқа толып жатқан кесек алтын әкеледі. Мұны көрген адмирал библияда айтылған атақты «офир» алтын қоймасы осы Испаньола деген қортындыға келеді. Енді испандар Испаньоладан алтын өндірісін ашып, индеецтерге еріксіз жұмыс істетіп, ғасырлар бойы тұнып жатқан, аралдың табиғи байлығын Испанияға таси бастады. Колумб 12 кемеге алтын тиеп корольге жіберді. Аралға қала салғызып, оған өз ұлын Диэгоны губернатор етіп қалдырды да, өзі 500 адаммен алтын кенін игеруге Сибао аралына барып, бекініс салады, үндістер Колумбқа саф алтын әкеле береді. Бұл аралда алтын алуға 56 адамды, оған басшы етіп Педро де Маргаританы қалдырып, Колумб қайтадан Изабеллаға келсе, мұндағы жолдастарының халі қиындап кетіпті. Ондағыларға көмек көсетіп, Колумб оңтүстікке барып, Ямайка аралын ашады. Бұдан кейін Кубаны жағалай жүріп, барлығы 70 аралды ашады. Колумб осылай зерттеу жұмысында жүргенде, Испаниядаға дұшпандары оны корольге жамандап, ол жаңа жерді билемек болды, саған бағынбайды, ондағы жұмысы нашар, мотростар қырылып жатыр, — деп үсті-үстіне шағым жаудыратады. Король бұл өтірікке сеніп, жаңа ашылған жерге комиссар етіп Агудоны жібереді. Бұл Колумб дұшпандарының бірі еді. Ол Колумб жоқта келіп, оның інісі Бартоломей мен баласы Диегоны жауапқа алады. Кешікпей Колумб өзі келіп, онымен бірге жағдайды түсінісуге Испанияға аттанады. Ол 1496 жылы 10 наурызда Испанияға келеді. Енді оны бұрынғыдай салтанатпен қарсы алмайды. Дегенімен король сыр білдірмегенсіп, бұрынғыдай сенетінін байқатқан болады. Сонымен, Колумб қайтпақшы болып, корольдан тағы сегіз кеме сұрайды. Бірақ осы кезде Испания мен Франция арасында басталған соғысқа байланысты, оның қайтуы 1498 жылға қалдырады.

Үшінші экспедиция