250px|нобай|оңға|Торқанатты барылдауық қоңыз Торқанатты барылдауық қоңыз () – таралу аймағы үзік, саны тез қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Қазақ шоқыларының орталық бөлігінде, Кинела тауларында, Ақтөбе маңында, Жанарқада, Сарысу өзені аңғарында таралған. Каспий теңізінің батыс жағалауынан табылғаны жайлы мәлімет бар. Орталық Еуропадан белгілі. Ашық далалы жерлерде, сирек құрғақ қарағайлы ормандарда, егістіктерде кездеседі. Қоңыздар көктемде және жаз басында белсенді, бірақ кейде тамыз, қыркүйекте де кездеседі. Жыртқыш-полифаг. Тіршілік ету ортасының адам әрекетінің әсерінен(жер жырту, улы химикаттар мен минералды тыңайтқыштар пайдаланудан) қысқаруына байланысты түрдің жойылып кету қаупі бар.
Дереккөздер Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Митяев, Р.В.Ященко, В.Л.Казенас.
Санат:Қатты қанаттылар