Жаңаталап — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан шығысқа қарай 28 км-дей жерде орналасқан.

Тарихы 1935-1936 жылдары корей ұлтының өкілдері қоныс аудара келіп, Түрксіб темір жолының оңтүстігінде ашық далаға үйлер салып, көше түзген. 1936 жылы олар ауылдағы алғашқы мектептің іргетасын қалап, оны 1938 жылы пайдалануға берді. Жақсыны жатсынбайтын, қонағын құдайындай сыйлайтындай жергілікті қазақтар да осы араға үй салып қоныстана бастады. Ауылда алғашқы ұжымдық шаруашылық құрылды. Осыған байланысты "жаңа қонысқа, жаңа өмірге келдік" деп ырымдап жергілікті халық ауыл атын "Жаңаталап" қойған. Ауыл маңында қуғын-сүргін құрбандары болған корей ұлтының қорымы бар.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен990 778 78,6 485 405 83,5 505 373 73,9

Дереккөздер

Санат:Жуалы ауданы елді мекендері