Қоспақ үйрек - (() , "anas"- үйрек, "acutus" — үшкір) - дүниежүзінде ең көп таралған үйрек туысының бір түрі.

Биологиялық сипаттама Салмағы 0,7 кг-нан 1,15 кг-ға дейін болады.Тұмсығы 43-53 мм, жайғада қанаты 20-29 см.

Басы, мойны қара, жемсауы ақ, арқасы сұр, құйрығы сүйір, қара.

Құс жылдам ұшады, суда жақсы жүзеді, жыл құсы.

Ерте көктемде ұясын жерге жасап 6-11 жұмыртқа салады. 22-23 күнде балапан басып шығарады.

Қоспақ үйрек өсімдік жапырығы, бүршігі, тұқымыме, құрт-құмырсқаны, олардың личикаларымен көректенеді. Шарушылыққа зиянды құрт-құмырсқаларды жеп пайда келтіреді.

Дәмді еті үшін ауланады.

Таралуы Қоспақ үйрек Солтүстік Америка, Евразияда көп таралған. Қазақстанда Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысыда көп кездеседі.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Сыртқы сілтемелер http://animalbox.ru/birds/shiloxvost-anas-acuta|title=Шилохвость|publisher=Энциклопедия http://www.webcitation.org/65t9bAYfC|archivedate=2012-03-03 Позвоночные животные России: Шилохвость Фото, видео и аудио файлы с участием шилохвости

Санат:жануарлар Санат:Үйректер