Морган торғыны thumb| thumb| thumb| Морган торғыны - "фата-моргана"(итал. fata Morgana) - горизонтта аралдың, таудың т.б. пішіндерін елестететін және бейнелері үздіксіз өзгеріп отыратын атмосферадағы оптикалық құбылыс. Морган Торғыны атмосфераның төменгі қабатында айналық шағылу жасайтын әр түрлі тығыздығы бар(алмаса орналасқан) қабаттардың түзілуі нәтижесінде пайда болатын күрделі сағым болып есептеледі. Бейнелердің өзгергіштігі ауаның жоғарыда аталған қабаттарының үздіксіз алмасып отыруына байланысты болады. Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 Санат:атмосфера Санат:Оптикалық құбылыстар
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Морган торғыны · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.