thumb|Түншырақ

Түншырақ - () - түсі жоқ, бірақ биолюминесценция құбылысы бар динофлагеллят.

Биологиялық сипаттама Диаметрі 2-3 мм-дей шар пішінді денесі бар. Қозғалатын және жиырылатын қармауыштары болады. Көбеюі - екіге бөлініп немесе бүршіктеу арқылы, бүршіктері ұсақ - 20 мкм. Түншырақтың цитоплазмасында майлы қосымдылары болады, механикалық немесе химиялық тітіркенудің нәтижесінде биолюминесценция құбылысы пайдаланады. Теңіздің жоғарғы жылы суларының қабаттарында топтанып жиналып теңіздің түнгі жаркылына себеп болады.

Синонимдары Mammaria scintillans Ehrenberg, 1834 Medusa scintillans Macartney, 1810 Medusa marina Slabber, 1771 Noctiluca marina Ehrenberg, 1834 Noctiluca miliaris Suriray, 1816

Суреттер

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Проститтер Санат:Динофлагеллятар Санат:Биолюминесценциясы бар жануарлар