Мырзақұлов КерімбайГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы), Қызыл Жұлдыз колхозының қызылшашылар бригадасының бригадирі (1945). 1907 жылы Жамбыл облысы, Қостөбе ауылында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1929 жылы Қызыл Жұлдыз колхозына егінші болып кіріп, 2 жылдан кейін егіншілер бригадасының бригадирі болып тағайындалады. 1933-1934 жылдары Қостөбе ауылдық советінің председателі болады. 1934 жылы қайтадан егіншілікке ауысып, 1942 жылға дейін егіншілер бригадасын басқарады. 1942-1944 жылдары Ұлы Отан соғысында болып, 1945 жылы "За победу над Германией" медалімен наградталады. 1944 жылы соғыстан қайтып 1 жылдай Қызыл Жұлдыз колхозының председателінің орынбасары болып істейді. 1945 жылдан қызылшашылар бригадасын басқарып, жыл сайын өнім көрсеткішін ұлғайтуға ат салысады: 1945 жылы - 25 гектардан 210 центнер; 1946 жылы - 33 центнер; 1947 жылы - 611 центнер.
Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1947) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері