Бөгембаев АйтжанГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), "Красная Звезда" колхозының бригадирі (1945). 1893 жылы Жамбыл облысы, Қостөбе ауылында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1929 жылы "Красная Звезда" колхозына жұмысқа кіріп, егіншілер бригадасының бригадирі болып істейді. 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде еңбек армиясында болады. 1945 жылы оған қызылшашылар бригадасын басқару тапсырылады. 1945 жылы оның бригадасы өздеріне бекітілген 25 гектар жерден 200 центнерден қант қызылшасын жинап, белгіленген жоспардан 20 центнер артық өнім алады. 1946 жылы сол жердің әр гектарынан 320 центнерден өнім алады. 1947 жылы 25 гектар жеден 524,3 центнерден, ал 4 гектардан 822 центнерден қант қызылшасын жинап жоспарды асыра орындайды.

Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері