Чернушенко Алексей Арефьевич (1897-1950)Герои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), 28 гвардияшылар ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі. 1897 жылы Ресейде, Ставпроль губерниясы, Александров ауданы, Сұлтан селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі Еңбек жолын байға жалшы болудан бастаған. 1918-1920 жылдары Қызыл Армия қатарында қызмет етеді. 1930 жылдан бастап Талдықорған облысы, Сталин атындағы аулышаруашылық артелінде істейді. 1933-1939 жылдары бірнеше аудандардың қаржы бөлімінің меңгерушісі болады. 1940-1944 жылдары Дзержинск аудандық еңбекшілер депутаты атқару комитетінің председателі болып еңбек етеді. 1946-1949 жылдары 28 гвардияшылар ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болады. 1922-1944 жылдары Талдықорған аудандық еңбекшілер депутаттары Советінің депутаты болып 5 рет сайланған.

Наградалары "Құрмет белгісі" ордені (1946) "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1946) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии

Санат:Социалистік еңбек ерлері