Құсбек — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Константинов ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2018 жылға дейін Төменгі бұрлық ауылдық округі құрамында болған.
Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстікке қарай 59 км-дей жерде, Құсбек көлінің оңтүстік-батыс жағасында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1304 адам (637 ер адам және 667 әйел адам) болса, 2009 жылы 868 адамды (433 ер адам және 435 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Айыртау ауданы елді мекендері