Ли НадеждаГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының звеношысы. 1920 жылы Ресейде, Қиыр-Шығыс өлкесі, Чернигов ауданы, Маркузовка селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1938 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, "МОПР" колхозына кіріп, жұмыс істейді. 1945 жылы егіншілер бригадасының звеношысы болып тағайындалады. Қарқынды жұмыстың арқасында оның бригадасы жаздық бидай алқабының әр гектарынан 30 центнерден өнім алады: Эритроспермум 0841 бидайы егілетін жердің топырағы 20-22 см сүдігерге жыртылады; көтемде сүдігер егістік жерді бұлталақ ирекпен тырмалап, одан кейін 12-15 см тереңдікпен қопсытады; егу тракторлы сепкішпен жүргізіліп, тұқым мөлшер бойынша 152 кг-нан себіледі; тұқым топырақпен 6-7 см тереңдікке жабылады; себу уақытылы аяқталады.

Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері