Уикимания (Wikimania ағыл.) - жыл сайын өткізілетін халықаралық конференция. Бұл конференция әлемнің әр елінен келген Уикипедия қатысушыларының бас қосуына, танысып, өз тәжірибелерімен алмасуына мүмкіндік береді.

2013 жылы Уикимания конференциясы Гонконгта (ҚХР) Гонконг Политехникалық университетінде тамыздың 7-11 аралығында өтті.Уикиманиа-2013

Делегация құрамы нобай|Қазақстан делегациясы 2013 жылы өткен Уикимания конференциясында Назарбаев зияткерлік мектептерінің таңдаулы 33 оқушысы мен 12 ұстазы конференцияға бір делегация ретінде қатысты. Қатысқан оқушылар Қазақстан аймағындағы барлық зияткерлік мектептердегі (Ақтөбе, Астана, Шымкент, Орал, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған, Семей, Өскемен) "Уикипедия" клубының мүшелері болып табылады.

«Қазақша Wikipedia» жобасы Wikipedia – әлемдегі ең таңдаулы сайттардың ондығына кіріп, 5-орынды иемденеді. Әлемнің 271 тілінде жазылатын ашық энциклопедияның қазақша нұсқасы соңғы уақытта ерекше даму үстінде. Бұл жоба мектеп оқушыларының үздік мақалаларымен толығып, қазақша контенттің сапасын арттыруда. «Қазақша Wikipedia» жобасын жүзеге асырып жатқан «Wikibilim» қоғамдық қоры мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қолдауымен жүзеге асқан сапар оқушылардың интеллектуалды хоббиін дамуына үлес қосты.

Джимми Уэйлспен кездесу нобай|оңға|Джимми Уэйлспен кездесу сәті нобай|оңға|Уикипедия негізін салушы - Джимми Уэйлс Гонконгта делегация мүшелері «Wikipedia» онлайн энциклопедиясының негізін салушы Джимми Уэйлспен кездесті. Қазақстаннан Гонконгқа барған ең жас әрі үлкен делегацияға деп сенім білдірген. Сонымен қатар бұрын-соңды қазақ елінде болмаған жоба авторы елімізге алдағы екі жыл көлемінде келу мүмкіндігін жеткізді.Джимми Уэйлсті қазақ оқушылары таңғалдырды

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Біз Wikimania 2013 конференциясында болғанда ҮЙРЕТЕРІ БАР УИКИПЕДИЯ . «Ұлан» газеті, №37, 17.09.2013

Санат:Wikimania