Ақтау — Қарағанды облысы Теміртау қаласына қарасты кент.

Географиялық орны Теміртау қаласынан солтүстікке қарай 18 км-дей, Қарағанды қаласынан 57 км-дей жерде орналасқан.

Тарихы Іргесі 1950 жылы Орталық Қазақстан өнеркәсібін құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге байланысты қаланған. 1972 жылы кентке айналған.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен108636906 5851 84,7 3275 2815 86 3631 3036 83,6

Кәсіпорындары Ақтауда «Қарағандыцемент» өндірістік бірлестігі, асбоцемент бұйымдарын жасау (КЗАЦИ) және құрылыс жабдықтарын шығару зауыттары, автокөлік кәсіпорыны жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Индустрия техникумы, кәсіптік техникалық училище, 2 орта мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, спорт сарайы, стадион, жүзу бассейні, балалар мен жасөспірімдер мектебі, медициналық-санитарлық бөлім, емхана бар. Ақтау Қарағанды-Астана темір жолы, Петровка —Токаревка — Теміртау автомобиль жолы өтеді. Елді мекендермен ауыларалық жолдар арқылы байланысады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Теміртау қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері