Тастөбе — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы ауыл, Көлқайнар ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Аса ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде, Тасарық өзенінің жағалауындағы сұр, қара жусан аралас баялыш, көкпек басым өскен сұр, шалғынды сұр топырақты қуаң шөлді далада орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1257 1515 120,5 632 785 124,2 625 730 116,8

Тарихы Ауыл 1996 жылға дейін "Куйбышев" деп аталып келді. 1964–1997 жылдары қызылша өсіретін Куйбышев атындағы кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Тастөбеде 1997 жылдан өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.Қазақ энциклопедиясы Тастөбе ауылы - VII-X ғасырлардағы қала (Тастөбе) орны. Тастөбе ауылының солтүстік аумағында 400 м жерде биік төбе орналасқан, айналасында қыш құмыра, күйген кірпіш сынықтары көптеп кездеседі. Ауыл маңында көптеген қорғандар бар.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) елді мекендері