Корея 1910 жылдан 1945 жылға дейін Жапония империясының отары болған. Бұл кезеңде оның егемендігі болмады, түбектегі басшылық жапондық генерал-губернатордың қолында болды.

Аталуы Бұл кезеңмен байланысты Жапонияда . Кореяда бұл кезең әр түрлі аталады. Төменде көбінесе кездесетін атаулары көрсетілген. Тү нұсқаАударма일제시대Жапондық империялық кезең식민지 시대Отарлық кезең일제 강점기Жапонияның озбырлы басқыншылық кезеңі일본 통치 시대Жапондық билеу кезеңі Тарихы Кореяның Жапония отары болғандағы тарихын 3 кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезең (1910—1919) Кореяның алғашқы генерал-губернаторы Тэраути Масатакэ болды. Ол түбектің жаңғартылуына көптген үлестер қоса бастады. Осы арқылы оның бұйрығымен Кореяда мыңдаған жапония және жапония әдебиеті тереңдетіліп оқытатын мектептер ашылды.

1916 жылы жаңа генерал-гебернатор Хасэгава Ёсимити болды. Ёсимити де өзінің ізашарының саясатын қолдап ары қарай жалғастырды. Оның саясаты 2 млн. корейлер қатысқан 1919 жылдың 1 наурызында болған көтеріліске жол ашты. Екінші кезең (1919 — 1930) 1910 жылдардың соңында "сабель саясаты" () деген атқа ие болған Кореяның қатал саясаты сын мен метрополияны туғызды. Бірінш наурыз көтерілісінен кейін Хасэгава Ёсимити қызметінен кетті, ал Жапония ммператоры генерал-губернаторлыққа азаматтық тұлғаларда тағайындалуының мүмкіндігі туралы қаулы шығарды.

Либералды түрде бағытталған премьер-министрт Хара Такаси жаңа генерел-губернатор қылып Сайто Макотоны тағайындады. Сайто Кореяға байланысты Токионың саясатын өзгертуге тырысты. Оның бұйрығы бойынша жандарм корпусы бұзылып жай полициялар болды, денелік жазаларға шектеу қойды, корей тіліндегі газеттер шығарды. Сайтоның тұсында Кэйдзёде (Сеулде) императорлық университеттер ашылды және корейлік шаруаларға деген қатаң қатынастар саясатын жұмсартты.. Сондай-ақ Корея генерал-губернаторының үйі салынып бітті..

Сайтоның басқару стильін "мәдени басқарудың саясаты" (, ) деп атаған.

Үшінші кезең (1930 — 1945) Жапония билігіне әскерлер келгеннен кейін, яғни, 1930 жылдардың ортасынан бастап Токио «Найсэн иттай» (Аудармасы — ішкі жерлер (яғни, Жапон аралдары) және корея — бірге) деген атқа ие болған Кореяның ассимиляциясының саясатын бастады.

1939 жылы генерал-губернатор Минами Дзиро корейлерге жапондық есімдеді алуға рұқсат ететін жариялады.1911 жылы генерал-губернаторлық бұған тыйым салған..

Жапондық биліктің аяқталуы 1945 жылдың тамызында Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыста жеңбейтіндігі анық болды. 8 тамызды соғысқа Кеңес Одағы қосылды; Қызыл армия Квантун армиясын жойқындап Корей түбегінің Солтүстік бөлігін басып алды. 6 және 9 тамызда американдық әскерлер жапондық қалаларға атом бомбасын тастады. Бұдан кейін Жапония империясы Потсдамдық конференцияға қол қойып АҚШ-тың шартарына мойын сұнуға мәжбүр болды. Шарт бойынша ол түгелімен американдық және кеңестік болып 38 паралеллден бөлініп жатқан Корей түбегінен бас тарту керек болған.1945 жылды қыкүйек айында американдық әскер Джон Ходжтың басқаруымен Оңтүстік Кореяға ұшып келді. 1945 жылдың 8 қыркүйегінде соңғы Корея генерал-губернаторы Абэ Нобуюки одақтастарының алдында капитуляция туралы актісіне қол қойды, ал келесі күні отарлық үкімет ресми түрде жойылды. Сөйтіп 35 жылдық Кореядаға Жапонияның отарлау саясаты тарих сахынасынан жойылды.

Капитуляциядан кейін көптеген жапондықтар Корей түьегінен кетіп қалды..

Дереккөздер

Санат:Корея тарихы