Конфедерациялар кубогы () — футболдан әлем чемпионатына дейін бір жыл бұрын чемпионатты ұйымдастырушы елде ФИФА қамқорлығы аясында 1992-2017 жылдар аралғында ұйымдастырылған ұлттық құрамалар арасындағы футбол жарысы.

Кубокта әр алты континент чемпионаттарының жеңімпаздары қатысады. Олар УЕФА, КОНМЕБОЛ, КОНКАКАФ, АФК, ФАК, ОФК конфедерация чемпионаттарының жеңімпаздары, әлем чемпионаты жеңімпазы және жарыс өткізілетін мелекет командасы. Сонымен кубокта сегіз команда қатысады.

Әлем чемпионы континентальды чемпионаттың жеңімпазы атанған кезде, жарысқа континентальды чемпионат финалында қатысқан команда шақырылады.

Конфедерациялар кубогы 1992 және 1995 жылдары Сауд Арабиясыда ұқсас үлгіде өткен Фахд падиша кубогы жарысынан пайда болған. 1997 жылы ФИФА бірінші ресми кубок ұйымдастырып, оның екі жылда бір рет өткізілуін бекітті. 2005 жылдан бастап кубок төрт жылда бір рет әлем чемпионатын ұйымдастырушы елде чемпионатқа дейін бір жыл бұрын өткізіле басталды. Сонымен Конфедерациялар кубогы әлем чемпионатының алдындағы өзіндік дайындық болып табылады.

2003 жылы кубок уағында бір қайғылы жағдай орын алды. Жартылай финал матчы кезінде Колумбияға қарсы ойнаған камерундық футболшы Марк-Вивьен Фоэ ұстамалы жүрек ауруынан қайтыс болды.

Конфедерациялар кубогы турнирінің тарихында оның жеңімпазы болып келесі 5 құрама атанды:Аргентина, Дания, Бразилия, Мексика және Франция. Әрекеттегі кубок иегері үйінде өткен Конфедерациялар кубогы 2013 титулын жеңіп алған Бразилия ұлттық құрамасы болып табылады.

Турнирдің тоқталылуы 2016 жылы Еуропа футбол клубтары қауымдастығы (ЕСА) мен ФИФА арасында жүргізілген келіссөздер басталды. Келіссөздің мақсаты — клубтар әлем чемпионатына қатысушылар санын 16 немесе 24 көбейту жайлы болатын. Келіссөздер сәтті аяқталды, Конфедерациялар кубогын Клубтар әлем біріншілігі алмастырды. Осылайша 2017 жылғы Конфедерациялар кубогы тарихтағы соңғы турнир боп қалатын болды. 2017 жылы ФИФА ресми түрде Конфедерациялар кубогы турнирінің тоқтатылғанын мәлімдеді.

Өтіп кеткен жарыстар

Фахд патша кубогы ЖылОрынСоңғы ойын (финал)3-ші орын үшін ойынЖеңімпазШот2-ші орын3-ші орынШот4-ші орын1992 Сауд АрабиясыАргентина3:1Сауд Арабиясы АҚШ3:2Кот-д’Ивуар1995 Сауд АрабиясыДания2:0АргентинаМексика1:1(5:4 пен)Нигерия

Конфедерация кубогы ЖылОрынСоңғы ойын (финал)3-ші орын үшін ойын1-ші орынШот2-ші орын3-ші орынШот4-ші орын 1997 Сауд АрабиясыБразилия6:0АустралияЧехия1:0Уругвай 1999 МексикаМексика4:3БразилияАҚШ2:0Сауд Арабиясы 2001 Оңтүстік Корея ЖапонияФранция1:0 ЖапонияАустралия1:0Бразилия 2003 ФранцияФранция1:0алтын голКамерунТүркия2:1Колумбия 2005 ГерманияБразилия4:1АргентинаГермания4:3қос.уақытМексика 2009 ОАРБразилия3:2АҚШИспания3:2кос. уақытОңтүстік Африка 2013 БразилияБразилия3:0ИспанияИталия2:2 (3:2)пенУругвай 2017 РесейГермания1:0ЧилиПортугалия1:1 (1:0) қос.уақытМексика

Үздік шабуылшылар 1992 — Габриэль Батистута, Брюс Мюррей (2 голдан) 1995 — Луис Гарсия Постиго (3 гол) 1997 — Ромарио (7 гол) 1999 — Роналдиньо, Куатемок Бланко, Марзук аль-Отаиби (6 голдан) 2001 — Шон Мёрфи, Патрик Виейра, Робер Пирес, Эрик Каррьер, Сильван Вильтор, Такаюки Судзуки, Хван Сон Хон (2 голдан) 2003 — Тьерри Анри (4 гол) 2005 — Адриано Лейте Рибейро (5 гол) 2009 — Луис Фабиано (5 гол). 2013 — Фернандо Торрес, Фред (5 гол). 2017 — Леон Горецка, Тимо Вернер, Ларс Штиндль (3 гол).

Үздік ойыншылар 1997 — Денилсон 1999 — Роналдиньо 2001 — Робер Пирес 2003 — Тьерри Анри 2005 — Адриано 2009 — Кака 2013 — Неймар 2017 — Юлиан Дракслер

Сілтемелер ФИФА сайтындағы Конфедерациялар кубогы тарихы ФИФА сайтындағы Конфедерациялар кубогы 2009 soccer-stat.ru дегі Конфедерациялар кубогы

Санат:Конфедерациялар кубогы Санат:Футбол кубоктары Санат:Футболдан Ұлттық құрамалар жарыстары