Наужан ДидарбековаҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. — Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, колхоз құрылысына белсене қатысушылардың бірі. 1907 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Свердлов ауданы (қазір Байзақ ауданы), Көкөзек аулында туған.

Еңбек жолы Еңбек жолын 1930 жылы жаңадан құрылып жатқан туған колхозы "Көкөзекте" колхозшы болудан бастап, оны ұйымдастыруға белсене қатысты. 1940 жылдан КОКП мүшесі болды. 1936-1959 жылдары А.Сухамбаев атындағы колхозда қант қызылшасы звеносының жетекшісі болып еңбек етті. 1946 жылы өзіне бекітілген 6 га қант қызылшасының әр гектарынан 325 ц, 1947 жылы 6 га-дан 630 ц, ал 3 га жерден 600 ц өнім жинады.

Жетістігі 1-2-ші сайлауларда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды.

Наградалары 2 мәрте Ленин ордені Социалистік Еңбек Ері (1948) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары