Авангард- бұл стильдің отаны 20-ғасырда Жапония болған. Бұл сөздің мағынасы (фр. avant — алдында, garde — күзет) — негізгі әскери күшті қорғау мақсатында жорықта алдыңғы шепте жүретін әскери бөлімше дегенді білдіреді.Авангард сөзінің мағынасы Алғашында "Авангард" стилі архитектурада және мәдениетте қолданылған болатын. Біртіндей келе ол сән әлеміне де жол аша бастады. нобай нобай Стильдің ерекшеліктері Бұл сән үлгісі басқа стильдерден өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Мысалы, бояудың және сызықтың оғаш уйлесуі, киімге көлемді алқалар мен бажыр аксесуарларды пайдалануымен ерекшеленеді. Бұл күнделікті киюге арналмаған стиль. Көпшілікті жерде бұл үлгідегі киім арқылы тез-ақ көзге түсіп, ерекшеленуге болады. Тіпті атауының өзі де ерекше әрі батылдықты білдіреді.Ерекшелігі Тарихы "Авангард" стилінің шыққан уақыты белгісіз, әтсе де кейбір деректерге қарасақ, бұл стильдің фэйшн-индустрияға кірген уақыты 20-ғасырдың 60-жылдары деп болжап айтуға болады. Бұл стильдің дүниеге шығуы ең бірінші француз дизайнері Пьер Карденмен байланысты. Карден көптеген сән әлемінде эксперименттер жасағанды ұнататын. Ол өзінің киімдерді оғаш әрі ерекше уйлесулерімен дүйім жұртты таң қалдыратын. Оның коллекциялары ашық экзотикалық бояулармен және көлемді аксесуарлармен ерекшеленіп тұратын. Бұл стильдің шығу тарихын тағы да бір әйгілі тұлғалардың бірі Вивьен Вествудпен байланыстыруға болады. Бұл әрекше әйел өзінің сәл әлеміне ешкімге ұқсамайтын, басқа бір көз қарасымен қарады. Қазіргі уақытта "Авангард" стилі сәннің бір бөлшегі болып саналады. Оның тенденциялары Сан-Франциско (АҚШ) қаласындағы Сән мектебінің жас дизайнерлірі мен басқа да дизайнерлік мектептердің студенттері зерттеуде. Авангард суретшілерінің бірі ірі дизайнер Гарет Пью (Gareth Pugh) "Авнгард" стиліне қызығушылығын танытып, соған өз өмірін арнаған."Авангард" стиль Дереккөздер Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Сән