Жетімшоқы – Қалба жотасының оңтүстігіндегі оқшауланған тау.
Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданының орта тұсында, Шар өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 507 м. Шағын, дөңгелек пішінді келген таудың ұзындығы мен ені 2,5-3 км шамасында.
Жер бедері Солтүстік беткейі тіктеу келген, қалған беткейлері көлбеуленіп жазық даламен ұласып кетеді. Оңтүстік-шығысында қыстау орналасқан.
Өсімдігі Етегінің бозғылт сұр, сортаңды қоңыр топырағында бұта шоғырлары аралас бетеге, боз, теріскен, қараған, т.б. шөптесіндер өскен. Таудың шығыс етегінен Жаңғызтөбе (Жалғызтөбе) – Шар автомобиль және темір жолдары өтеді. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жарма ауданы таулары