Андрей Геннадьевич Сидельников (8 наурыз 1980, Мәскеу) — ресейлік және қазақстандық футболшы, қақпашы.

Карьерасы Клубтық "Спартак Мәскеу" клубының түлегі. 1998-2000 жылдары фарм клубта біраз ойында алаңға шықты. Негізгі құрамда бір рет те ойнамастан, 2001 жылы "Динамо" (Минск) клубына ауысты.

Кейін Ресейдің түрлі клубтарында ойнап, 2008 жылы "Ақтөбеге" ауысты. Сол жылы-ақ Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогы, Суперкубогы иегері атанды. Чемпионат соңында "Ақтөбе" мен "Тобыл" бірдей көрсеткішпен мәреге жетті де, чемпион анықтау үшін қосымша ойын өткізді. Матч пенальтилер сериясына дейін жалғасты. Сидельников Жұмасқалиевтың соққысын қайтарып, "Ақтөбе" Қазақстан чемпионы атанды.

2015 жылдың басында "Ордабасыға" ауысты. Бірақ Сергей Бойченко бұған негізгі құрамды бере қоймады да, жыл соңында клубтан кетті.

2016 жылғы маусымды "Қайратта" өткізді. Өткізді деген аты ғана, жыл бойы команда қақпасын Владимир Плотников қорғап, Сидельников қосалқы құрамда қап кетті, чемпионат ойындарында тек бір кездесуде ғана алаңға шықты.

2017 жылы "Ақтөбеге" оралды. Бір маусымнан соң келісім шарты аяқталып, еркін агент боп қалған 38 жастағы қақпашы карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама 11 тамызда 2010 жылы Сидельников Қазақстан құрамасында бірінші ойының өткізді, олар Оманға қарсы ойнап 3-1Казахстан добился победы над Оманомесебімен ұтты.

Соңғы ойынын Юрий Красножанның тұсында 2015 жылы 6 қыркүйекте сырт алаңда Ирландияға қарсы өткізді.

Жетістіктері

«Ақтөбе»

Қазақстан чемпионы (3): 2008, 2009, 2013 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2): 2010, 2014 Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2): 2011, 2012 Қазақстан суперкубогы (2): 2010, 2014 Қазақстан кубогы (1): 2008

«Қайрат»

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2016 Қазақстан кубогы (1): 2016

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Ресей футболшылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Спартак Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Химки ФК ойыншыларыСанат:Алания ФК ойыншылары Санат:Динамо Минск ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары