Шақпақ — Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл, Алғабас ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шаян ауылынан солтүстікке қарай 22 км жерде, Арыстанды өзенінің оң жағалауында, әйгілі Арыстанды-Қарабас желінің өтінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен26332660 2320 87,2 1380 1235 89,5 1280 1085 84,8

Тарихы 1950 жылдары Шымкент қорғасын зауытының қосалқы шаруашылығы болды. 1954 жылдан «Алғабас» қой кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде көкөніс, бау-бақша өсіретін шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымы Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, кітапхана жұмыс істейді. Ауылдың оңтүстік-батысындағы төбеде Шақпақ әулие кесенесі бар. Кесенені 1990 жылы ауылдан шыққан халық емшісі Шолпан өз қаржысына тұрғызған.

Дереккөздер

Санат:Бәйдібек ауданы елді мекендері