I Франциск (, туған есімі — Хорхе Марио Бергольо, ; 17 желтоқсан 1936 жыл, Буэнос-Айрес, Аргентина – 21 сәуір 2025 жыл, Ватикан) — 2013 жылдан 2025 жылға дейін Католик шіркеуінің басшысы, Ватиканның егемені. Рим папасы лауазымындағы тұңғыш Иезуит, Америка мен Оңтүстік жарты шарда туған тұңғыш адам және Еуропа сыртында тәрбиеленген сириялық III Григорийден бергі бірінші адам еді.

Әлеуметтік желіге қызыққан, папамобильден бас тартқан, қарапайымдығы арқылы ерекшеленген Франциск шіркеу салтын бұзған Рим папасы ретінде белгілі еді.

Ерте жылдары Хорхе Марио Бергольо 1936 жылғы 17 желтоқсанда, Буэнос-Айрес, Аргентинада туған. Марио Хозе Бергольо мен Регина Мария Сивори бес баласының тұңғышы Бергольо еді. Марио Бергольо италиялық мигрант, бухгалтер болған. Анасы Регина Сивори үй шаруасындағы әйел еді, отбасы солтүстік Италиядан болған.

Бергольо Буэнос-Айрес университетінде философия және дінтану ғылымдарынан магистратура алған. Кейін, 1958 жылы ол семинарияны бітірген. 1958 жылғы 11 наурызда ол иезуиттер құрамына кірді.

Папалығына дейінгі мансабы (1958–2013) Иезуит 1958 жылы Бергольо Иса қоғамының мүшесі болды. 1969 жылы ол дін қызметшісі атанды. 1973 жылы ол Аргентинадағы иезуиттердің жергілікті басшысы болып тағайындалды. 1980 жылдардың ортасына қарай ол Майндағы Франкфурт, Германиядағы Әулие Георгий Философия және дінтану жоғарғы мектебінде докторантура алмақ болды.

Епископ 1998 жылы Рим папасы II Иоанн Павел Бергольоны Аргентина архиепискобі ретінде тағайындады. 2001 жылғы консистория барысында Бергольоға кардинал титулы берілді.

Рим папасы (2013–2025) 2013 жылғы 13 наурызда Бергольо 266-Рим папасы болып сайланды. Бергольо папалық есімі ретінде I Франциск есімін таңдап алды. Францисктің таққа отыру рәсімі сол жылғы 19 наурызда өтті.

Папа ретінде Францисктің тұңғыш істері қатарына папамобильдің орнына Ford Focus көлігіне мінуі, Апостол сарайынан бас тартып, Ватикандағы қарапайым үйге көшкені, алтын тақ орнына ағаш орындық таңдағаны және гомосексуалдар мен атеистерге құшақ ашқаны жатты.

Франциск — АҚШ Конгрессі алдында сөз сөйлеген тұңғыш Рим папасы. Ол Америка Құрама Штаттарына сапар жасап, өз сөзін 2015 жылғы 24 қыркүйекте айтқан еді.

2025 жылғы ақпаннан пневмониядан ұзақ ауырған Папа Франциск сол жылғы сәуірде ауруханадан шығып, жұрт алдында бой көрсеткен, 20 сәуірде АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнспен кездескен ол 21 сәуір күні резиденциясында қайтыс болды.

Дін ілімі Әйелдер Католик шіркеуінің заңы бойынша әйелдер епископ, дін қызметшісі бола алмайды. Франциск бұл жайлы былай айтты: «Шіркеу сөз айтты және [бұл сөз —] жоқ дейді... Бұл есік жабық».

ЛГБТ Гомосексуалдылыққа қарсы шықпай, орнына «оны жазғыратындай мен кіммін?» дегені үшін белгілі Франциск ЛГБТ қоғамдастығы жайлы ізашарларымен салыстырғанда аса ілгерішіл болып шықты. Ол, алайда, сонда да гомосексуалдықты қате көреді. Франциск біржынысты некеге қарсы шығады, оны «Шайтанның жұмысы» дейді.

Католик еместер жайлы ойы Папа болып сайланғанына үш-ақ күн болғанда Франциск журналистерге былай деді:

Рим папалары католик еместерге бата өте сирек береді. Осы әрекеті арқылы Франциск өзге дінділерді қабылдайтынын көрсетті. 20 наурызда сөйлеген сөзінде Рим папасы Франциск кейбір адамдар ешбір дінді ұстанбайды, бірақ сонда да «шындық, жақсылық пен көркемдік» іздейді. Оның айтуынша, бұл адамдар — адам қадір-қасиетін қорғау, бейбітшілік орнату мен Жерге қамқорлық көрсетудегі шіркеудің маңызды одақтастары.

Өз өмірі Папа Франциск испан, италиян және неміс тілдерінде еркін сөйлейді.

2025 жылғы ақпанда Рим папасы Францисктің денсаулығы күрт нашарлады. 14 ақпанда ол ауруханаға жатқызылды, 23 ақпанда жағдайының ауыр екені хабарланды. 2025 жылғы 24 наурызда Франциск ауруханадан шығарылып, сәуір басында жұрт алдында бой көрсетті, алайда көп ұзамай 21 сәуірде қайтыс болды.

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Католицизм Санат:Рим папалары