Эрнест Миллер Хемингуэй (; , Ок-Парк, Иллинойс, АҚШ – , Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.Қазақ совет энциклопедиясы, 11-том.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйді атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.Мәңгірген бір ұрпақ — Әдебиет порталы, 22.06.2017.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез бейнесін емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.Хэм ағай — Егемен Қазақстан, 17 маусым 2021 жыл.
Хемингуэй Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарға қатысқан, Испанияда бомбаның астында аман қалып шыққан, Германияны бомбалаған ұшақтарда болған, америкалық әскер Нормандияға басып кіргенде, француз партизандарының тобын басқарып, Парижді азат етуге қатысқан. Талай елге саяхат жасап, Еуропада, Кубада, Африкада бірнеше жыл бейбіт өмір сүрген, содан болар, шығармадағы басты кейіпкерлері америкалықтар болғанымен, оқиғасы өзге өңірлерде өрбігенін суреттеген.Тағы да Хэм ағай — Егемен Қазақстан, 4 тамыз 2022 жыл.
Балалық шағы
Эрнест Хемингуэй 1899 жылы 21 шілдеде Чикаго маңындағы Ок-Парк қалашығында дүниеге келді (Иллинойс, АҚШ). Оның әкесі Кларенс Эдмонт Хемингуэй дәрігер қызметін атқарса, ал анасы Грейс Холл өмірін балаларын бағуға арнаған.
Кларенс Хемингуэй жастайынан баласының бойында табиғатқа деген махаббатты оятуға тырысады, және сондағы арманы баласының әке жолын қуып, медицина және жаратылыстану ғылымымен айналысуы еді. Эрни 3 жасқа толғанда, әкесі оған ең алғашқы қармағын тарту етіп, өзімен бірге балыққа алып шықты. Оған қоса, болашақ жазушы 8 жасқа толған шақта Орта Батыс өңіріндегі бүкіл аң-құс, балық және ағаш-өсімдіктердің атауларын жатқа білді. Сонымен қатар, Эрнест түрлі кітаптарды бас алмай оқуды өзінің үйреншікті ісіне айналдырды. Бос уақытын ол үйіндегі кішігірім кітапханада, әсіресе, Дарвин еңбектері мен тарихи қолжазбаларды меңгерумен өткізді.
Ал керісінше, миссис Хемингуэйдің баласының болашағына деген көзқарасы мүлде өзгеше болды. Анасының міндеттеуімен жазушы шіркеу хорында өлең айтып, виолончель аспабында ойнады. Көп уақыт өте келе, мосқал тарта бастаған Эрнест осы жайт туралы былай деп айтқан:
Оук-Парктегі қысқы үйінен басқа, жазушы отбасының Валлун көлінің жағасында орналасқан «Уиндмир» деген иелігі болды. Әрбір жаздың басталуымен Хемингуэй ата-анасымен, ағаларымен және әпкелерімен бірге сол жерге ат басын бұрып отырды. Шынайы табиғатқа тұнып тұрған бұл өлкеде жазушы өзін еркін сезініп, ерекше сезімге кенелді. Себебі виолончель аспабы мен шіркеу хорынан шалғай бұл жерде Эрнест өзінің ұнататын істерімен айналысып: балық аулап, орман ішін аралап, көршілес үндіс тайпаларының балаларымен ойнауды жақсы көретін. 1911 жылы, Эрнест 12 жасқа толған кезде, атасы оған бір оқталатын 20 калибрлы мылтықты сыйға тартты. Атасына деген сезімі өте ынтық Эрнест оның айтқан әңгімелерін сүйіп тыңдап, өмірінің соңына дейін оны ұмытпай, тіпті, кейде өзінің туындыларына арқау етіп отырды.
Жастық шақ
Мектептегі уақыты Сол уақытта Хемингуэй мектептегі кішігірім «Скрижаль» журналында жазушы ретіндегі алғашқы қадамын жасайды. Баспаға түскен ең бірінші шығармасы — солтүстік экзотикасы мен үндіс фольклорына толы «Маниту соты» еңбегі еді. Журналдың келесі нөмірінде «Бәрі де терінің түсіне байланысты болды» атты бокстың лас та әділетсіздікке толы коммерциялық бейнесі сипатталған әңгімесі жарық көрді. Кейінгі нөмірлерде, негізінен, жазушы спорт жарыстары мен концерттер жайлы репортаждар жариялап отырды. Өмірінің осы мезетінде Хемингуэй өзінің біратола жазушы болатынын нық шешті. Табиғатынан шымыр және шыныққан Хемингуэй бокс және футболмен белсене айналысты. Кейін өзі айтып кеткендей:
Полиция тілшісі Мектепті бітірісімен Эрнест ата-анасы қалағандай жоғарғы оқу орнына тапсырмай, Канзас Сити қаласына көшіп, сол жердің жергілікті «The Kansas City Star» газетіне жұмысқа тұрады. Оның қарамағындағы қала аумағы бас аурухана, вокзал және полиция бөлімшесін қамтыды. Жас тілші қалада орын алып жатқан бүкіл оқиғаларға белсене ат салысып, әр түрлі кісілермен танысып, өзінің ойлау арнасын барынша кеңейтті. Эрнест кездестірген адамдардың іс-әрекеттерін, сөйлеу мәнерін барынша бақылап, түсініп, жаттап алуға тырысты. Санасында түйіршектеп жиналған осы деректер кейін болашақта оның еңбектерінің сюжеттеріне арқау болып, диалогтар мен деталдерін құрастыруға жәрдем етті. Дәл осы кезде Хемингуэйдің өзіндік жазу стилі және әрдайым оқиғаның ортасында болу дағдысы қалыптасты. Газет редакторлары жас жазушыны ойын дұрыс және нақты жеткізумен қоса, стильдік шұбалаңдықтардан арылу жолдарын да үйретті.
Бірінші Дүниежүзілік соғыс thumb|150px|Әскери формадағы Хемингуэй, 1918 жыл Хемингуэй әскер қатарында болғысы келгеніне қарамастан, көзінің нашар көруі ұзақ уақыт бойы оның бұл мақсатына кедергі болып келді. Соған қарамастан, ол дегеніне жетіп, өз еркімен Қызыл Крест машинасының жүргізушісі ретінде Италия жерінде болып жатқан майдан сапына келеді. Ең бірінші күні, Миланға келмей жатып Эрнест және басқа да еріктілер бомбаланған зауыт қалдықтарын жинауға міндеттелді. Бірер жыл өткеннен кейін жазушы соғыстан алған алғашқы әсерлерін «Қош бол, майдан!» кітабында көркем сипаттады. Келесі күні жас Хемингуэй санитарлық көліктің жүргізушісі ретінде Скио қаласында орналасқан әскер топтарына жөнелтілді. Алайда, бұл жердегі әскерлердің уақытын тек ойын-сауық, карта және бейсбол ойнаумен өткізіп отырғанын көрген Эрнест шыдай алмай, өзін Пьяве өзені бойына ауыстыруын талап етті. Бұл жерде де ол тыныш отырмай, әскерлердің жер тасаларына азық-түлік әкелу арқылы майдан шебінде болып жатқан соғыстарға тікелей жанасты.
1918 жылы 8 шілдеде Хемингуэй жаралы итальяндық снайперді құтқарам деп, Аустрия шеңберінен атылған пулемет пен зеңбірек оқтарының астында қалды. Ауруханада Эрнест денесінен 26 снаряд жарқыншақтары алынып, кейін оны Миланға ары қарай емдеуге көшірді.
Үйге қайту 1919 жылғы 21 қаңтарда Эрнест Отанына батыр ретінде оралды. Бүкіл газет беттерінде жазушы Италия майданында жараланған бірінші америкалық кейпінде сипатталды. Италия королі оны «Жауынгерлік айбыны үшін» және «Әскери крест» медалдарымен марапаттады. Жазушы өзі кейінірек айтып кеткендей:
Келесі бір жылдай уақыт шамасын Хемингуэй жанұя ортасында өткізіп, өзінің болашағы жайлы ойланумен болды. 1920 жылдың 20 ақпанында жазушы журналистика бағытына қайтып келу үшін Торонто қаласына көшіп барды. Оның жаңа жұмыс орны, «Торонто Стар» газеті, жазушыға шығармашылық бағытта не жазғысы келсе де толық еркіндік берді. Ең басты шарт: тек баспадан өткен материалдарға ғана ақша төленді. Эрнесттің ең алғашқы жұмыстары — «Көшпелі сурет көрмесі» және «Тегін қырынып көріңіз» — жалпы айтқанда өнер сүюшілердің көрсеқызарлықтары мен америкалықтардың ырымшылдықтарына деген келемеждеу сипатында болды. Содан кейінгі еңбектері соғыс зардаптары, үйлерінде ешкімге керексіз болып қалған соғыс ардагерлері және ақымақ шенеуніктер жайлы болды.
Дәл сол жылы жазушы мен оның анасы арасындағы өзара түсініспеушіліктер арта берді. Нәтижесінде Хемингуэй бүкіл заттарын жинап, Чикаго қаласына көшіп кетті. Бұл қалада ол «Торонто Стар» газетімен қарым-қатынасын жалғастырумен қоса, «Cooperative Commonwealth» журналында редакторлық қызметін атқарды. Ал 1921 жылғы 3 қыркүйекте жазушы Хэдли Ричардсон атты жас пианист қызға үйленіп, бұрыннан армандап жүрген Париж қаласына сапар шегеді.
1920 жылдары thumb|200px|Хемингуэй, 1923 жыл
Париж Париж қаласында Хемингуэйдың отбасы Контрэскарп алаңы маңындағы Кардинал Лемуан көшесінде кішкене пәтерге орналасады. «Өзіңмен алып жүретін мереке» кітабында Эрнест осы жағдай туралы былай деп жазып кеткен:
Отбасын асырау үшін және жаз айларында дүние жүзін аралау үшін Хемингуэйге көп жұмыс істеуге тура келді. Сондықтан ол апта сайын «Торонто Стар» газетіне өзінің шығармаларын жіберіп отырды. Газет редакциясы жазушыдан Еуропа өмірінің сипаттамасын, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің егжей-тегжейін талап етті. Бұл жағдай Эрнестке очерк тақырыптарын өзі таңдап, жазу стилін дамытуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жазушы, негізінен, очерктерін келеке түрінде америкалық туристтер және жастардың сергелдеңмен өткізген өмірі жайлы жазудан бастады («Міне бұл Париж», «Париждегі америкалық богема» және т.б.).
1923 жылы Эрнест «Шекспир және компания» деген кітап дүкенінің иесі Сильвия Бичпен танысып, өте жақын достық қарым-қатынас орнатты. Дүкен ішінде жазушы көп уақытын өткізіп, кітаптар алып, түрлі көзі ашық зиялылар, ақын-жазушылар мен суретшілермен танысты. Солардың ішінде жазушыға ерекше әсер еткен Гертруда Стайн еді. Эрнест әрдайым Гертрудадан ақыл-кеңес сұрап, әдебиет жайлы әңгіме-дүкен құрғанды ұнатты. Гертруда газеттегі жұмысқа немқұрайлы қарап, Эрнесттің шығармашылықтағы басты жолы – жазушылық екенін оған иландыруға тырысты.M. Reynolds (1989). "Hemingway, The Paris Years." New York: Norton. ISBN 978-0-393-31879-1.Hemingway’s Early Life – A Conversation With Hemingway’s Nephew, John Sanford
Әдебиет ортасында танылуы 1926 жылы жазылған «Күн де шығады» — жазушыны ең алғашқы шығармашылық табысқа жеткізген еңбегі. Бұл роман оқырманға 1920 жылдары Франция мен Испанияда тұрған жастар өмірі жайлы баяндайды. 1927 жылы «Әйелдерсіз еркектер», ал 1933 жылы «Жеңімпазға ешнәрсе тимейді» атты әңгіме жинақтары шыққаннан кейін, Эрнест Хемингуэй көпшілік ортасында ерекше бір қысқа әңгімелер авторы ретінде әбден танылды. Осы әңгімелер ішінде әсіресе «Қаныпезерлер», «Фрэнсис Макомбердің қысқа бақыты» және «Килиманджаро — қарлы тау» оқырмандар назарын аудартып, ерекше ықыласқа ие болды.
1930 жылдары
Флорида 1930 жылдың басында Хемингуэй АКШ-қа қайтып оралып, Флорида штатының Ки-Уэст қаласына орналасты. Бұл жерде ол балық аулаумен айналысып, өзінің желкенді қайығымен Багам аралдарына және Кубаға саяхат шегіп, жаңа шығармалар жаза бастады. Биографтардың айтуы бойынша, осы кезде жазушының атағы өсіп, есімі жұртқа таныла бастады. Ол жазған шығармалардың барлығы тез арада баспадан өтіп, үлкен таралымдармен сатылды. Өмірінің ең табысты бірнеше жылын өткізген сол пәтерінде қазір жазушының мұражайы ашылған.
1930 жылғы күзде Эрнест автомобиль апатына түсіп, нәтижесінде көптеген жарақаттар және басына зақым алып, жарты жылдай уақыт емделумен өткізді. Жазушы осы кезде қарындашпен жазуды қойып, машинамен жұмыс істеуді бастады. 1932 жылы ол «Түстен кейінгі ажал» романын жазу арқылы коррида салт-дәстүрін дәлдікпен сипаттап берді. Бұл кітап өте үлкен сұранысқа ие болып, Хемингуэйді америкалық ең танымал және талантты жазушы ретінде әбден бекітті.
1933 жылы Хемингуэй «Жеңімпазға ешнәрсе тимейді» атты шығармалар жинағын жазу арқылы өзінің көптен орындай алмай жүрген арманын – Шығыс Африкада сафаримен айналысуды – орындағысы келді. Кітап сәтті шығып, сол жылдың соңында жазушы жаңа саяхатқа жол тартты.
Африка Хемингуэй Танганьика өзенінің маңында лагерь құрып, жергілікті тайпа өкілдерін жолбасшы ретінде жалдап, аң аулауға шығуды бастады. 1934 жылғы қаңтарда кезекті сафариден келген жазушы өкпе амебиазы ауруына шалдығып қалды. Күннен-күнге жағдайы нашарлап, ағзасы сусыздана бастаған жазушы үшін Дар-эс-Салам қаласынан арнайы ұшақ жіберіліп, оны сол өңірдің астанасына жеткізді. Ағылшын емханасында бір апта курс терапиясын алғаннан кейін ғана Эрнест жазыла бастап, ісі оңға басты. Соған қарамастан, аң аулау маусымы Хемингуэй үшін өте сәтті болды. Ол өз қанжығасына барлығы үш арыстан, жиырма жеті антилопа, ірі енеке және тағы басқа жануарларды байлады. Танганьикадан қалған бүкіл әсерін жазушы «Африканың жасыл жоталары» (1935) кітабының бетіне түсірді. Бұл кітап, негізінде, Эрнесттің саяхатшы және аңшы рөліндегі күнделігі болып табылады.