Ахмадия (, сондай-ақ: Ахмедие, Ахмадият), жамағаттың ресми атауы - Ахмадия Мұсылман Жамағаты (, оқылуы: әл-Жамаъа әл-Исламия әл-Ахмадийя) - Исламдағы діни қозғалыс болып табылады,"Islam and the Ahmadiyya Jamaʻat: History, Belief, Practice" (ауд.: Ислам және Ахмадия жамағаты: тарихы, сенім-нанымдары, амалдары), Simon Ross Valentine, Columbia University Press, 2008 - Всего страниц: 263 ISBN 978-0-231-70094-8Morgan, Diane (2009). Essential Islam: a comprehensive guide to belief and practice. (ауд.: Негізгі Ислам: сенім мен амалға толық нұсқама) Greenwood Press, p. 242. ISBN 978-0-313-36025-1. 19-ғасырдың соңында Үндістанда бастау алған. Ахмадия мұсылман жамағаты Мырза Ғұләм Ахмедтің (1835-1908) ілімдерінің негізінде құрылған, ол, ислам эсхатологиясы мен әлемдік діндердің дәстүрлі нанымдарына сай, жалпыға ортақ Ислам дінін рухани жеңісіне жетелейтін ақырғы заманның дін реформаторлығына талап білдірген. Оның мәлімдемесі бойынша, Алла Тағала оны хижра бойынша 14 ғасырдың «Мүджаддиді» (Исламдағы діни реформаторы) және мұсылман үмбетіне уәде етілген Мәсіх әрі Мәһди етіп тағайындаған.Chapter two. Claims of Hadhrat Ahmad (as) (ауд.: Екінші тарау. Хазірет Ахмедке (ғ.с.) қатысты қарсылықтар мен айыптар), Naeem Osman Memon. Islam International Publications LTD 1994. — ISBN 1-85372-552-8.Truth about Ahmadiyyat. Reflection of all the Prohets (ауд.: Ахмадиятқа қатысты шындық. Барлық пайғамбарлардан (о бастан) бас тартқан), B.A Rafiq (1978). London Mosque. ISBN 0-85525-013-5."Revelation Rationality Knowledge and Truth, Future of Revelation" (ауд.: Уахи, ақыл, білім және ақиқат. Келешек уахи-аяндар), Mirza Tahir Ahmad (1998). Islam International Publications. ISBN 1-85372-640-0. Ахмадия жамағатының мүшелері өздерін мұсылмандар немесе ахмади-мұсылмандары деп атайды. Сондай-ақ, қысқаша «ахмади», «ахмадилер» "Ahmadiyya". Oxford English Dictionary. Oxford University Press. 2nd ed. 1989. деген атаулар да кездеседі. Ортодоксалды ұстанымдағы мұсылман дінқызметкерлері (молдалар) ахмадилерді - «мұсылман» ретінде санамайды, және оларды «қадиянилер» (немесе «қадианиттер») деп атайды. Алайда, ахмадилер өздерін «қадиянилер» (немесе «қадианиттер») деп атамайды, олар бұндай атауларды қарсыластарының менсінбеушілігі мен кекетушілігінен тағылған атаулар деп біледі.

Ахмади-мұсылмандарының сенімдері бойынша, Ислам бүкіл адамзатқа арналған соңғы дін. Ислам Мұхаммед пайғамбарға түсірілген. Ислам күйзеліске ұшырап, жік-жікке бөлініп, тоқырауға ұшыраған кезде, Алланың уәдесіне сай, Ислам діні уәделенген Мәсіх арқылы қайтадан өзінің пәк қалпына келіп, ғасырлар бойы жиналған дақтардан тазармақ. Мырза Ғұләм Ахмедтің келуі, Ахмадия мұсылман жамағатының пікірі бойынша, кезінде (осыдан 21 ғасыр бұрын) Иса пайғамбардың келгені іспетті орыналған, яғни діни соғыстарды доғартып, қантөгістік жауыздықтарды тоқтату үшін және адамгершілік құндылықтарды, әділеттік пен бейбітшілікті қалпына келтіру үшін келгенді.Иса Мәсіх пен Мырза Ғұләм Ахмедтің ұқсастықтары. youtube.com Олардың айтуы бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед Құдайдың жетекшілігіне сүйеніп, мұсылмандардың сенімдері мен іс-әрекеттеріндегі фанатизм мен бидғаттарды жойды, және Ислам дінін тек Мұхаммед пайғамбардың хақ тәлім-тәрбиесі негізінде ұстануды үйреткенді. Осылайша, ахмади-мұсылмандары өздерін қайта өркендеудің және исламды бейбіт жолмен насихаттаудың көшбасшылары ретінде санайды.

Мырза Ғұләм Ахмед бұл қозғалыстың негізін 1889-шы жылы наурыз айының 23-де құрған. Ол кісі қайтыс болған соң, бұл жамағатқа бірқатар Халифтер (Орынбасарлар) басшылық етіп, жамағат әлемнің 200-ден астам еліне тараған. Ахмади-мұсылмандары Батыстың бірнеше елдеріне алғашқылардың бірі болып келіп, исламның руханият байрағын орнатқан.The Ahmadi Muslim Community (ауд.: Ахмадия Мұсылман Жамағаты). The Times (27 мамыр 2008). Тексерілген 8 сәуір 2015. Қазіргі уақытта Ахмадия мұсылман жамағатына бесінші халиф Хазіреті Мырза Масрур Ахмед басшылық етеді. Ахмади-мұсылмандарының саны шамамен 20 миллионнан асады.

Ахмадия мұсылман жамағатының мүшелері рухани тұрғыда бір ортаға бағынған, ұйымшыл, ынтымағы берік жамағат болып есептеледі. Жалпы алғанда Ахмадия мұсылман жамағаты бір бағытты ұстанады. Дегенмен, осы қозғалыс пайда болған алғашқы кезеңдерде, оның кейбір мүшелері Мырза Ғұләм Ахмедтің пайғамбарлық болмысынан және одан кейінгі орынбасарлық жүйеден бас тартып, өз білгендерінше Лахор қаласында Ахмадия қозғалысын құрған. Қазіргі кезде бұл топтың мүше саны, Халиф басқаратын Ахмадия мұсылман жамағатымен салыстырғанда, көп емес. Исламдағы Ахмадия қозғалысы пайда болған кезде, ортодоксалды ұстанымдағы ғұламалар ахмадилердің сенімдері қазіргі барша мұсылмандардың ислам түсінігіне қайшы келеді деп айыптады және оларды "кәпірлер" деп жариялады. Ғұламалардың осы ауызбіршілігін жалау еткен радикалды молдалар қара халықтың арасында ахмадилерге деген жеккөрініш сезімін тудырып,Die Hassprediger - Und der WAHRE Islam - Ahmadiyya (неміс ауд.: Радикалды молдалар өшпенділіктің уағызшылары және Ахмадия жамағатына қатысты шындық). Kanal von muslimbruder, youtube.com оларды осы күнге шейін түрлі қудалаушылықтарға ұшыратып, адами құқықтарынан айыру үшін түрлі заңдар қабылдаттырып, зорлық-зомбылықтардың нысанасына айналдыруда.Anti-Ahmadiyya conferences on the increase in Pakistan (ауд.: Пәкістанда ахмадилерге қарсы конференциялар көбейді). 30 сәуір 2010 Press Release

Атаудың шығу тегі

Исламдағы Ахмадия қозғалысы 1889 жылы құрылған, алайда оның атауы 10 жылдан кейін ғана қабылданған. 1900 жылы 4-шы қарашада жасаған үндеуінде, Мырза Ғұләм Ахмед жамағаттың атауын өзіне қатысты қоймағанын айтты. Оның түсіндірмесі бойынша, «Ахмед» есімі – Мұхаммед пайғамбардың екінші есімі болып табылады. Оның айтуы бойынша, «Мұхаммед» есімінің мағынасы «қайта-қайта мадақтаулы»; бұл жерде оның аса зор, аса қуатты тағдырына ишара етілген. Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аса зор, аса қуатты әрекеттері Меккеден Мединеге көшкен соң орыналған. Ал «Ахмед» есімі араб тілінен аударғанда, «көп мадақтайтын» және «жұбатушы» деген мағыналарды ашады. Бұл есім Мұхаммедтің көрсетіп кеткен әсем уағызын, оның жұмсақтық пен момын қасиеттерін, және оның мейірімділігі мен рақымдылығын білдіреді. Сонымен қатар бұл есім оның әлемге тарту еткен тәлімдері бейбітшіл сипатта екендігін білдіреді. Осылайша, Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, бұл есімдер исламның екі кезеңін білдіргенді,Мырза Ғұләм Ахмед: Таблиғ-и-Рисалат,, т. IX, 90-91 беттер; Гуссейн Мұртаза Хан: "Ахмадилік атау және оның маңыздылығы" , 1945. яғни Меккелік кезең «Ахмед» есімінің сипатында, ал Мединалық кезең «Мұхаммед» есімінің сипатында өткен. Сондай-ақ, ақыр заманда Ислам насихаты «Ахмед» есімінің сипатына көбірек көңіл бөлетін болады."Ислам негізі", том. IV, Баспасы: Islam International Publications LTD 2006

Мырза Ғұләм Ахмед сонымен қатар өзінің жамағатын «Ахмадия мазһабы» деген атаумен де атаған:

Сенімдеріне түйіндеме

Ахмади-мұсылмандары сүннеттік мәндегі исламның барлық қағидаттарын ұстанады. Атап айтқанда, бес уақыт намаз оқиды, рамазан айында ораза тұтады, Меккеге қажылық жасайды, қысқасы исламның барлық бес тірегін орындайды және иманның алты шарттарына сенеді. Ахмади-мұсылмандары Құран кәрімнің бар мазмұнын Алла Тағала түсіргеніне кәміл сенеді. Олар намаз кезінде жүздерін Қыблаға қаратады. Мұхаммед пайғамбардың айтқан хадистерін қабылдайды және оның сүннетін ұстанады. Ахмади-мұсылмандарының сенімдері осы негізгі үш қайнардан тұрады. Сондай-ақ, ахмади-мұсылмандары үшін, Мырза Ғұләм Ахмед, исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтің көріпкелдігі бойынша, үмбетке уәде етілген Мәсіх әрі имам Мәһди екеніне сену маңызды. Өз сенімдері жайында Мырза Ғұләм Ахмед былай деген:

Осы тұрғыда, Мырза Ғұләм Ахмед, исламды қорғау ісін және исламның тәлім-тәрбиесі арқылы бүкіл әлемге бейбітшілікті орнатып, күллі адамзатқа жанашырлық, рақымдық таныту секілді ұмыт болған ислам құндылықтарын қайта жаңғырту арқылы, исламды бейбіт түрде жердің түпкір-түпкіріне насихат етуді өз міндеті санаған. Оның пікірі бойынша, оның руханият жолдауы, материализмнің құзына құлаған батыс әлеміне ерекше әсер еткенді.Ina Wunn: "Muslimische Gruppierungen in Deutschland". Kohlhammer, Stuttgart 2007, S. 158 Барлық әлемдік діндердің негіздерін құрған адамдар Бір Құдайдың пайғамбарлары болған, және олардың барлығы - (сөздің кең мағынасында) исламды орнату бағытында әрекет еткен. Ол діндер жалпыға ортақ дінді дамыту нобайының бір бөлігі болған және олар (әр жақтан ағып келген өзендер іспетті) ислам теңізіне құйылып кемелдікке жетпек.The Promised Messiah - Prophecies Fulfilled. Alislam.org. Тексерілген 13 тамыз 2011. Басты қайнардан архивтелген 25 маусым 2011. Иләһи дін - Мұхаммед пайғамбардың арқасында кемелденіп, соңғы әлпетіне жеткенді. Жазмыш сол, Мұхаммед пайғамбарлығының кемел көрінісі және исламның бүкіл әлемге толыққанды таралуы имам Мәһдидің келуімен толық жүзеге аспақ болғанды."The Holy Quran". Alislam.org. Тексерілген 13 тамыз 2011. Бастапқы қайнардан архивтелген 25 шілде 2011 Осылайша, Ахмадия Мұсылман Жамағаты Мырза Ғұләм Ахмедті барлық діндерге «уәде етілген тұлға» ретінде қабылдайды, яки яһуди-христиан діндерінің жазбаларында, сондай-ақ зороастризм, индуизм және т.б. діндерде сақталған эсхатологиялық пайғамбарлықтарды орындаушы тұлға. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед, рухани тұрғыда, исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтің руханиятының «айнадағы көрінісіндей» болған, және ол, Құдайдың бірлігін орнату үшін, сондай-ақ Құдайға және Құдайдың жаратылыстарына қатысты адамзаттың міндеттерін еске салу үшін жіберілген.Саймон Росс Валентина. "Ислам және Ахмадия жамағаты: тарихы, сенім-нанымдары, амалдары". — Колумбилік университет. — ISBN 978-0-231-70094-8.Насир Махмұд Мәлік, АҚШ-та ұлттық жамағаттың тәрбиет хатшысы. "Батыста Ахмадилік балалардың өсімі". Al-Islam (2007). Тексерілген 10 маусым 2011. Мырза Ғұләм Ахмед ислам тәлімдерін жалпылай қарастыра келе, былай деп жазады:

Ахмадилік сенім бойынша, ақырғы заманда исламның қайта өркендеуі Ахмадият арқылы жүзеге асады. Ахмади-мұсылмандары ұйымдық деңгейде шетелдерге дінді тарату ісін 1913 жылы бастаған, мысалы, Ахмадия мұсылман жамағатының Ұлыбританиядағы өкілдігі (Лондон қ, Патни ауданы). Осылайша, бүгінгі әлемнің біршама халықтары Ахмадия қозғалысы арқылы Исламмен алғаш танысқан.Эдунас Решиас. "Исламға шақырудың мәнісі" . — Хельсинки Университеті. — 158–160 беттер. — ISBN 952-10-0489-4. Ахмадия мұсылман жамағаты бүгінгі күндері уағыз-насихат жүргізетін ең белсенді қозғалыстардың бірі. Олар Африка құрлығында өте белсенді. Бодандық дәуірден кейін, Исламды Африка құрлығының көп бөлігіне таратқан қауымдардың арасында Ахмадия жамағаты ең белсенділердің қатарында.Майкл Накузи Нам. "Африкадағы бодандық менталитет". — ISBN 0-7618-3291-2.

Ахмадилердің сенімдері Ахмади-мұсылмандары көпшілік мұсылмандар сенетін барлық ислам қағидаттарына сенеді, тек «Хатаман нәбийин» («Пайғамбарлық мөр») ұғымын басқашалай түсінеді. Олар үшін иман негіздері (яғни, иманның алты шарты), сүнниттік мұсылмандардың сенімдеріндей, Мұхаммед пайғамбардың сүннетіне негізделген.

Иманның алты шарты

Алланың Бір екендігіне сену (Таухид)

Ахмади-мұсылмандары Құдайдың абсолюттік бірлігіне, абсолюттік жалғыздығына сенеді. Олар бұл принципті исламдағы иман принциптерінің негізі ретінде санайды. Олардың сенімі бойынша, Исламның басқа барлық сенімдері Алланың бірлігінен бастау алады. Олардың айтуы бойынша, Алланың бір екендігіне иман келтіру, адам өмірінің барлық салаларына тереңнен ықпал етеді. Мысалы, Құран Кәрімде, бәрін қамтитын күш-құдірет Алладан басқа, ешкімде жоқ делінген. Бұл дегеніміз, Құдайдың алдындағы қорқыныштан басқа, ешқандай көрқыныш негізсіз деген сөз. Бұл, Құдайға тәуелділік сезімін ұялатады және барлық жақсылықтың Құдайдан бастау алатынына иландырады. Қысқасы, ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, Құдайдың бір екендігіне иман келтіру, момындарды барлық тәнқұмарлық құштарлықтардан, нәпсі құлдығынан, өмірден түңілу сезімдерінен азат етеді. Ахмадия мұсылман жамағатының негізін құрушы Мырза Ғұләм Ахмед былай деп жазады: